Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қант жағымсыз естеліктердің мида бекінуіне әсер етуі мүмкін
    Жаңалықтар

    Қант жағымсыз естеліктердің мида бекінуіне әсер етуі мүмкін

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова25.04.202612 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    Қант стресске байланысты естеліктердің мида бекінуіне әсер етуі мүмкін. Мұндай қорытындыға Франциядағы Ұлттық ғылыми зерттеулер орталығы (CNRS) ғалымдары келді. Зерттеу нәтижелері Nature журналы бетінде жарияланған, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Ғылыми тәжірибелер жеміс шыбындары Drosophila melanogaster негізінде жүргізілген. Зерттеушілер жәндіктерге белгілі бір иісті әлсіз электр тогымен байланыстыруды «үйреткен». Алайда ұзақ мерзімді естеліктер тек бір жағдайда қалыптасқан: егер осы тәжірибеден кейін шыбындар қант алған болса.

    Зерттеуші Пьер-Ив Пласе түсіндіруінше, мұнда қантқа сезімтал нейрондар шешуші рөл атқарады. Олар стресс жағдайынан кейін бірнеше сағат ішінде белсенді болады. Дәл осы кезеңде ағзаға қант түссе, қысқа мерзімді жад ұзақ мерзімді жадқа айналатын күрделі биологиялық процесс іске қосылады.

    Ғалымдар бұл механизмнің қалай жұмыс істейтінін де анықтады. Белсенді нейрондар тиростимулин деп аталатын сигналдық молекуланы бөліп шығарады. Ол мидағы естеліктер сақталатын аймақтарға әсер етеді. Егер осы сигнал бұғатталса, тіпті «оқыту» болғанның өзінде тұрақты естелік қалыптаспайды.

    Зерттеу тағы бір маңызды жайтты көрсетті: жадтың бекінуі энергиямен тығыз байланысты. Ми жаңа ақпаратты сақтау үшін қосымша энергия қажет етеді, ал қант – сол энергияның негізгі көзі. Яғни, қанттың түсуі миға «ресурсты пайдалануға болады» деген белгі береді.

    Сонымен қатар тәжірибеден кейін шыбындар тәтті тағамға көбірек әуестене бастаған. Бұл стресс, жад және тамақтану әдеттері арасында байланыс болуы мүмкін екенін көрсетеді.

    Ғалымдар бұл нәтижелер әзірге тек жәндіктерге қатысты екенін атап өтеді. Адамда дәл осындай механизм бар-жоғы әлі толық дәлелденбеген. Дегенмен зерттеу эмоциялық артық тамақтану құбылысын түсіндіруге жаңа көзқарас ұсынады.

    Previous Article«Сақина беремін»: Ақтөбеде кішкентай қызды алдап әкетпек болған азамат ұсталды
    Next Article Тіс дәрігері жасырын тіс жегі белгілерін атады
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.