Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Сақина беремін»: Ақтөбеде кішкентай қызды алдап әкетпек болған азамат ұсталды
    Жаңалықтар

    «Сақина беремін»: Ақтөбеде кішкентай қызды алдап әкетпек болған азамат ұсталды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова24.04.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: diapazon.kz

    Ақтөбе тұрғындары қалада бала ұрлауға әрекет жасалды деген күмәнді оқиға туралы мәлімдеді, деп salemnews.kz ақпарат агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Оқиға Есет батыр ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, аулада ойнап жүрген кішкентай қызды белгісіз бойжеткен шақырып, «саған сақина беремін» деп алдап, өзімен бірге алып кетпек болған. Сондай-ақ ол баладан сырғасы бар-жоғын сұраған.

    Қыз бастапқыда барудан бас тартқанымен, бойжеткен оны көндіруге тырысқан. Алайда қолайлы сәтті пайдаланып, бала қашып шығып, жақын маңдағы дүкенге тығылған. Бұл жайттың барлығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

    Оқиға туралы бірден полицияға хабар берілген. Құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, күдікті бойжеткеннің жеке басын анықтап, оны бөлімшеге жеткізген.

    Ақтөбе қалалық полиция басқармасы бұл дерек бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

    Тексеру нәтижесіне сәйкес, заң аясында тиісті шешім қабылданатын болады.

    Previous ArticleТүркістан облысында жарысқа бара жатқан жас спортшылар көз жұмды
    Next Article Қант жағымсыз естеліктердің мида бекінуіне әсер етуі мүмкін
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.