Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматы қаласында «Ғылым аллеясы» ашылды
    Жаңалықтар

    Алматы қаласында «Ғылым аллеясы» ашылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова10.04.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында Ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтті. Аталған іс-шара отандық ғылымның жетістіктерін дәріптеуге, ғылыми қауымдастықтың әлеуетін танытуға бағытталды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Іс-шара аясында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «ҒЫЛЫМ АЛЛЕЯСЫНЫҢ» ашылуына орай, ағаш көшеттері отырғызылып, бұл бастама ғылым мен табиғат үндестігінің символына айналды.

    Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ешенқұлов Талғат Ілиясұлы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нукенов Абзал Нукенұлы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, жетекші ғалымдар, жас зерттеушілер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Іс-шара барысында академиктер ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін таныстырып, медицина, биотехнология, археология, генетика және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру салаларындағы өзекті мәселелерді қамтыған мазмұнды баяндамалар жасады.

    Сонымен қатар, отандық ғалымдар мен өнертапқыштардың ғылыми жетістіктері ұсынылған ғылыми-танымдық көрме ұйымдастырылып, онда инновациялық жобалар, жаңа технологиялар мен «Ғылым қоры» АҚ гранттық бағдарламалары аясында жүзеге асқан өнімдер кеңінен таныстырылды. Көрме қатысушыларға ғылыми жаңалықтармен танысып қана қоймай, әріптестік байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.

    Жиын қорытындысында ғылымды дамытуға елеулі үлес қосқан ғалымдар мен жас зерттеушілер мемлекеттік және ведомствалық наградалармен марапатталды.

    Бұл айтулы іс-шара еліміздің ғылыми қауымдастығы үшін маңызды алаңға айналып, ғылымның ел дамуы жолындағы стратегиялық рөлін тағы бір мәрте айқындап берді.

    Previous Article«25 млн теңге талап еткен»: Жетісу облысында хат алмасу арқылы бопсалаған күдікті ұсталды
    Next Article Петропавлда қызды аңдыған 20 жастағы жігіт ұсталды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.