Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«25 млн теңге талап еткен»: Жетісу облысында хат алмасу арқылы бопсалаған күдікті ұсталды
    Жаңалықтар

    «25 млн теңге талап еткен»: Жетісу облысында хат алмасу арқылы бопсалаған күдікті ұсталды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова10.04.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Polisia.kz

    Жетісу облысында жеке сипаттағы мәліметтерді таратамын деп қорқыту арқылы ақша бопсалау дерегі әшкереленіп, жолы кесілді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Ескелді ауданының 22 жастағы тұрғыны жәбірленушімен бұрын жеке қарым-қатынаста болған. Алайда уақыт өте келе бұл байланыс үзілген. Осыдан кейін күдіктінің бойында заңсыз пайда табуға бағытталған қылмыстық ниет қалыптасқаны анықталды.

    Тергеу барысында күдіктінің қарым-қатынас кезінде алынған жеке ақпаратты құрал ретінде пайдаланғаны белгілі болды. Ол мессенджер арқылы жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне, сондай-ақ іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, жүйелі түрде хабарламалар жолдаған.

    Психологиялық қысымды күшейту мақсатында күдікті «құпиялылық туралы келісім» ретінде рәсімделген жалған құжат жіберіп, үшінші тұлғаның шотына 25 млн теңге аударуды талап еткен. Жәбірленуші мұндай соманы төлеуге мүмкіндігі жоқ екенін жеткізгеніне қарамастан, талаптар өзгеріссіз қалған. Қорқыту мен қысымның салдарынан жәбірленуші 200 мың теңге көлемінде ақша аударуға мәжбүр болған.

    Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшерде мүлікті иемдену мақсатында жасалған бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті қамауға алынды.

    Полиция азаматтарға ескертеді: кез келген қорқыту, қысым көрсету немесе бопсалау әрекеті, оның ішінде цифрлық кеңістікте жасалған құқық бұзушылықтар да, заң аясында қатаң жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай жағдайларда уақыт жоғалтпай, дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

    Previous ArticleАвторлық құқықтарды басқаруға арналған платформа іске қосылды
    Next Article Алматы қаласында «Ғылым аллеясы» ашылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.