Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ақмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер адамға 24 жылдан кейін сот үкімі шықты
    Жаңалықтар

    Ақмола облысында әйелді азаптап өлтірген ер адамға 24 жылдан кейін сот үкімі шықты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова01.04.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Witthaya Prasongsin/Getty Images

    Ақмола облысында күш қолдану арқылы зорлау және аса қатыгездікпен кісі өлтіру баптары бойынша айыпталған 61 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды salemnews.kz.

    Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыс 2002 жылы Ақкөл қаласында болған. Мас күйде жүрген айыпталушы түнде жолда тұрған 29 жастағы әйелді кездестірген. Әйел өтіп бара жатқан көліктерді тоқтатып, үйіне жетпек болған.

    Ер адам жәбірленушіні ұрып-соғып, өлтіремін деп қорқытып, оны жергілікті стадион аумағына алып кеткен. Сол жерде әйелге зорлық-зомбылық көрсетіп, денесіне жарақат салған және темекімен күйдірген.

    Қылмысты жасыру мақсатында айыпталушы жәбірленушіні аса қатыгездікпен өлтірген. Сот материалдарына сәйкес, ол әйелдің аузына топырақ пен шырша бүршіктерін тығып, тұншықтырған. Кейін мәйітті көшедегі әжетханаға тастап, оқиға орнынан қашып кеткен.

    Сараптама қорытындысы бойынша, жәбірленушінің өлімі тыныс алу жолдарының бітелуінен туындаған асфиксия салдарынан болған.

    Сот жаза тағайындау кезінде айыпталушының бұған дейін бірнеше рет сотталғанын және аса ауыр қылмыс жасағанын ескерді.

    Нәтижесінде сот үкімімен ол 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сотталғаннан жәбірленуші тараптың пайдасына 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірілді.

    Бұдан бөлек, сот оған жазасын өтеу барысында алкогольге тәуелділікке байланысты психикалық және мінез-құлық бұзылыстарын емдеу үшін мәжбүрлі ем тағайындады.

    Previous ArticleАлматы облысында пойыз бен автобус соқтығысып қалды
    Next Article Атырау облысында инвесторларға электр энергиясының тарифі төмендетілді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Оңтүстік өңірдің тұрғындары жер сілкінісін сезді

    03.04.2026

    Ақмола облысында 2 мыңнан астам баланың деректері ашық жарияланған

    03.04.2026

    Атырау облысында инвесторларға электр энергиясының тарифі төмендетілді

    03.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 612 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 629 Views

    Карбон егіншілігі Қазақстандағы климат мәселесін шеше ме?

    17.12.20255 467 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.