Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»600 мың теңгеге Бурабайға «тур» сатып алған азамат ақшасыз қалды
    Жаңалықтар

    600 мың теңгеге Бурабайға «тур» сатып алған азамат ақшасыз қалды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова11.03.2026101 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: istockphoto.com

    Ақмола облысының полицейлері Бурабай курорттық аймағында демалыс орнын брондауға байланысты алаяқтық дерегін тергеп жатыр, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Көкшетау қаласының 63 жастағы тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болған. Ақпан айының басында оған белгісіз ер адам қоңырау шалып, өзін Бурабайдағы қонақүйлердің бірінің қызметкері ретінде таныстырған. Ол демалысты «тиімді бағамен» брондауды ұсынып, төлемді Kaspi мобильді қосымшасы арқылы аударуға болатынын айтқан.

    Әңгімелесушінің сөзіне сеніп, ұсынысқа қызыққан ер адам брондауға келісіп, үшінші тұлғаның нөміріне 600 мың теңгеден астам ақша аударған. Ақшаны алғаннан кейін «қонақүй қызметкері» байланысқа шықпай қойған, ал уәде етілген демалыс жүзеге аспаған.

    Брондаудың расталуын да, ақшаның қайтарылуын да ала алмаған жәбірленуші 6 наурыз күні полицияға жүгінген.

    Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты және кінәсін мойындаған.

    Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер күдіктінің әрекетінен басқа азаматтар да зардап шеккен-шекпегенін тексеруде.

    Previous ArticleОңтүстік Кореяда қазақстандық азаматтың мәйіті табылды
    Next Article Алматыда бір тоннадан астам алкоголь өнімі тәркіленді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    TikTok-та бейәдеп сөйлеген тағы бір стример қамауға алынды

    08.08.2026

    Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Тараз тұрғыны бес тәулікке қамалды

    08.08.2026

    Павлодарда қайғылы жағдай болды

    08.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.