Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Алматыда бір тоннадан астам алкоголь өнімі тәркіленді
    Жаңалықтар

    Алматыда бір тоннадан астам алкоголь өнімі тәркіленді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова11.03.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: istockphoto.com

    Алматы қаласы Жетісу аудандық полиция басқармасы профилактикалық іс-шаралар барысында алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзудың 45 дерегін анықтады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Аталған құқық бұзушылықтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабымен қарастырылған.

    Сонымен қатар тексеру барысында бір дүкенге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдарын қарау нәтижесінде сот алкоголь өнімдерін сату лицензиясының қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта аталған сауда нысанының қызметі тоқтатылып, жұмыс істемей тұр. Бұдан бөлек тексерулер кезінде алты дүкеннен алкоголь өнімдері тәркіленді. Аталған фактілер бойынша материалдар сотта қаралды.

    Сондай-ақ тексеру барысында бір диско-бардың әкімшілігі де жауапкершілікке тартылды. Нысаннан шамамен 400 литр алкоголь өнімі тәркіленді.

    Жалпы жүргізілген іс-шаралар аясында заңсыз айналымнан 1 мың 150 литрден астам алкоголь өнімі алынды.

    Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Ильяс Өмірсеріков алкоголь өнімдерінің айналымына қатысты заң талаптарының сақталуын бақылау алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

    – Біздің басты міндетіміз – заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу. Белгіленген талаптарды бұзудың кез келген фактісі дер кезінде тоқтатылып, кінәлі тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады, – деді Ильяс Өмірсеріков.

    Previous Article600 мың теңгеге Бурабайға «тур» сатып алған азамат ақшасыз қалды
    Next Article Астанада тұрғын үй қабырғасының сыртқы қабаты құлады
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    TikTok-та бейәдеп сөйлеген тағы бір стример қамауға алынды

    08.08.2026

    Әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан Тараз тұрғыны бес тәулікке қамалды

    08.08.2026

    Павлодарда қайғылы жағдай болды

    08.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 661 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.