Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Атырау облысында жоғалып кеткен әйел өлі табылды
    Жаңалықтар

    Атырау облысында жоғалып кеткен әйел өлі табылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова21.02.202631 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: mgorod


    Атырау облысында көлік гаражынан 73 жастағы әйелдің денесі табылды. Оны өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі»Мой Город»-қа сілтеме жасап.

    Басылымның Атырау облысы полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, 19 ақпанда Орал қаласының 73 жастағы тұрғынының жоғалып кеткені туралы хабар келіп түскен.

    «Әйел Мақат ауданына келген. Полицейлер ақпаратты тексеру үшін дереу тұрғылықты жеріне барған. Үйді және ауланы тексеру кезінде гараждан зейнеткердің денесі табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен оның азаматтық некедегі күйеуі ұсталды» — делінген хабарламада.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның айтуынша, ол тұрмыстық жанжал кезінде әйелге дене жарақатын салған. Туыстары зейнеткердің бір айдан астам байланысқа шықпағанын хабарлаған. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде.

    Previous ArticleАқтөбеде ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленді
    Next Article Нариман Курбанов Әлем кубогі кезеңінде қола медаль иеленді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.