Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ақтөбеде ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленді
    Жаңалықтар

    Ақтөбеде ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тәркіленді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова21.02.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: Видеодан скриншот


    Ақтөбе облысында ірі көлемдегі синтетикалық есірткі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында гараж кооперативтерінің бірінің аумағында 38 жастағы қала тұрғынын ұстады. Қызметтік-іздестіру итімен Daewoo Nexia автокөлігін тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат салынған 43 орам және екі таблетка табылып, тәркіленді.

    — Кейін күдікті есірткіні буып-түю үшін пайдаланған гаражды тінту барысында жертөле бөлмесінен ұнтақ тәрізді заты бар 161 орам, өзіне тән иісі бар зат салынған үш шағын ыдыс, термометр, zip-пакеттер, сары және жасыл түсті изоленталар, электронды таразы, сондай-ақ жазбалары бар жұмыс дәптері табылды. Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты мекенжайында ұнтақ тәрізді заты бар 44 орам, шамамен 200 бос zip-пакет, заттың қалдығы бар пластик бөтелкенің бөлігі және ноутбук тәркіленді. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы шамамен 500 грамм синтетикалық психотроптық заттар алынды. Бұл — заңсыз таралуы мен тұтынылуына жол берілмеген 3 мыңнан астам бір реттік доза, — делінген ақпаратта.

    Күдікті Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, Ақтөбе қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Previous ArticleЖанболат пен Жазираның ұлы сүйіктісіне сөз салды
    Next Article Атырау облысында жоғалып кеткен әйел өлі табылды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 662 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.