Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қысқы Олимпиадада Қазақстан атынан сынға түсетін 16 жастағы спортшы кім?
    Жаңалықтар

    Қысқы Олимпиадада Қазақстан атынан сынға түсетін 16 жастағы спортшы кім?

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова02.02.202622 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: olympic.kz

    Бірнеше күннен соң Милан мен Кортина-д’Ампеццода (Италия) Қысқы Олимпиада ойындары басталады. Ел ішінде Ақ Олимпиада атанып кеткен байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасының намысын 36 спортшы қорғайды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Олардың көпшілігі үшін бұл жарыс спорттық мансабындағы алғашқы Олимпиада болмақ. Басты додаға жолдама алғандардың 18-і – ер, 18-і – әйел спортшы. Атлеттердің жасы үлкені шорт-трек шебері – Абзал Әжғалиев болса, ал ең жасы – фристайл акробатикадан – 16 жастағы Асан Асылхан. Небәрі 16 жасында Олимпиада жолдамасын жеңіп алған Асан Асылханның 2025 жылғы Азия ойындарында жеңіп алған күміс жүлдесі – мансабындағы ең елеулі жетістіктерінің бірі. Сонымен қатар Әлем кубогының соңғы кезеңінде қазақстандық спортшы оныншы орынға тұрақтады.

    «2026 жылғы Олимпиада ойындарына толық дайынмын. 16 жаста Олимпиадада ел намысын қорғау – мен үшін зор мәртебе. Бұл – үлкен жауапкершілік әрі көп жылдан бері алға жетелеп келе жатқан арманым.

     Спортқа бес жасымда келдім. Мені бұл жолға әжем алып келді. Бұған дейін әпкем фристайл-акробатикамен айналысқан. Мансабымда жарақаттар болды, бірақ отбасым әрдайым қолдау көрсетті. Мен физикалық әрі психологиялық тұрғыдан сынбадым. Себебі басты арманым – Олимпиадада өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алу. Негізі, әр спортшыны алға жетелейтін мақсат осы», – дейді спортшы olympic.kz-ке берген сұхбатында.

    Еске сала кетейік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында өтеді. Фристайл-акробатика жарыстары 17 ақпанда басталады.

    Previous ArticleДенсаулық сақтау министрлігі ақпанды қан тапсыру айы деп жариялады
    Next Article Атырауда жоғалып кеткен отбасы: Күдіктінің 5 баласы мемлекет қамқорлығына алынды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.