Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Денсаулық сақтау министрлігі ақпанды қан тапсыру айы деп жариялады
    Жаңалықтар

    Денсаулық сақтау министрлігі ақпанды қан тапсыру айы деп жариялады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова02.02.202631 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ақпан айын Қан тапсыру айы деп жариялады. Бұл бастама ерікті, өтеусіз донорлық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ қоғамдағы жауапкершілік, өзара көмек және гуманизм құндылықтарын нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды , деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Қан донорлығы – бұл жай ғана бір реттік акция емес, өмірді құтқаруға, денсаулық сақтау жүйесін қолдауға бағытталған, сондай-ақ ерікті түрде қатысу, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл құндылықтарға негізделген тұрақты қоғамдық қозғалыс.

    Ақпан  айында еліміздің барлық өңірлерінде ақпараттық-түсіндіру шаралары, тақырыптық акциялар, донорлармен және серіктестермен кездесулер ұйымдастырылып, қан орталықтарында арнайы бағдарламалар өткізу жоспарланып отыр. Бұл іс-шараларда жастарды тартуға ерекше көңіл бөлінбек.

    Осы акция аясында кез келген азамат жақсылық жасауға ниет білдіріп, өз өңіріндегі қан орталығына барып, ерікті түрде қан тапсыра алады.

    Қазақстанда жыл сайын 180  мыңнан астам азамат донор атанып, олар жалпы алғанда қан мен оның компоненттерін 250 мыңнан астам рет тапсырады.

    Жыл сайын 80 мыңнан астам пациентке қан компоненттері құйылады, ал жалпы трансфузиялар саны жылына шамамен 400 мыңға жетеді.

    Previous ArticleҚаңтарда шекарадан 860 млн теңге шетел валютасы өткізілмек болған
    Next Article Қысқы Олимпиадада Қазақстан атынан сынға түсетін 16 жастағы спортшы кім?
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.