Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жасұлан Сәду: Белкөлдің болашағы – кәсіпкерлік пен инфрақұрылымда
    Жаңалықтар

    Жасұлан Сәду: Белкөлдің болашағы – кәсіпкерлік пен инфрақұрылымда

    SalemnewsSalemnews12.08.2025113 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ашық дереккөз

    «Белкөл» кентінің халқы 2000-нан астам адамды құрайды және жыл сайын көркейіп, жаңаруда. Мұнда инфрақұрылым дамып, экономика мен әлеуметтік салалар тұрақты түрде жақсарып келеді. Кәсіпкерлік белсенділігі артып, білім мен мәдениет салалары да жаңа деңгейге көтеріліп жатыр. Кентке келген адам кең әрі жайлы көшелер, заманауи ғимараттар мен жаңа құрылыстарды бірден байқай алады.

    Кәсіпкерлік саласында 464 шағын бизнес тіркелген, оның 460-ы белсенді қызмет атқарады. Биыл 79 жаңа кәсіпкерлік нысан тіркеліп, 81 жаңа жұмыс орны ашылды. Мемлекеттік бағдарламалар тұрғындардың бизнес ашуына үлкен мүмкіндік беруде. Мысалы, «Бизнес-Бастау» бағдарламасы бойынша 13 адам оқып, 6 кәсіпкер 9,4 млн теңге қайтарымсыз грант алды. Сонымен қатар, 7 жобаға жалпы 154,7 млн теңге бөлінді. «Байқоңыр ӘКК» АҚ арқылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 3 жоба қаржыландырылды, ал «Іскер» бағдарламасымен бір кәсіпкерге қаржы қаралды.

    Қаржылық қолдауды алған кәсіпкерлер Несібелі Маханова, Нұржан Белгібаев, Нұрбол Нұрымбетов пен Қанат Ержанов асыл тұқымды ірі қара мен ұсақ мал өсіруді дамытуға ниетті.

    Кенттегі кәсіпкерліктің дамуы – тұрғындардың қажырлы еңбегі мен мемлекеттің қолдауының нәтижесі. Әкім Жасұлан Сәду кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан көмек нәтижелі болып отырғанын айтты. «Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Аяулым Алдашова ауыр жүк көлігін сатып алу үшін 9,3 млн теңге алды. Сондай-ақ, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы шеңберінде екі жобаға 114,6 млн теңге бөлінді. Бұл жобалардың іске асуы кенттің экономикалық әлеуетін арттырады деп күтілуде.

    Білім беру мен денсаулық сақтау салалары да даму үстінде. Кентте екі орта мектеп (№189 және №145) бар, онда 879 оқушы білім алуда. Бір мемлекеттік балабақшада 160 бала тәрбиеленеді. 2020 жылы балабақша ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талаптарға сай жабдықталды. Денсаулық сақтау саласында да үлкен жұмыстар атқарылуда. 2020 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Ол теміржол ауруханасының құрамына кіреді және 8 орындық күндізгі стационар бар. Сонымен қатар, 2018 жылы «Бірқазан» елді мекенінде жаңа медициналық бекет пайдалануға берілді, ол ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсету деңгейін арттырды.

    Инфрақұрылым жағынан да жетістіктер бар. Өткен жылы К.Әбдіқадыров көшесінде 1,9 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынды, жоба құны 62,3 млн теңге. Бірлік, Путейцев, К.Әбдіқадыров көшелеріне түнгі жарық шамдары орнатылды. «Бірқазан» елді мекеніндегі орталық көшеде де жарықтандыру жүйесіне 11,6 млн теңге жұмсалды. Бірлік көшесінде жаңа балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.

    Электр желілерін жаңарту да басым бағыттардың бірі. Былтыр Жерұйық, Сарыарқа, Бірлік көшелеріндегі тозығы жеткен желілер ауыстырылып, жаңа электр желілері тартылды. Биыл 12 көшеге арналған желі құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Сонымен қатар, түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары да жүргізілуде. Кей тұрғын үйлердің шатырлары жөнделіп, аулалары абаттандырылуда.

    Жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында да жұмыс жүріп жатыр. Бірқатар көшелерге асфальт төселуде. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі бойындағы «Лиза» зиратының қоршауы толық аяқталып, абаттандырылды.

    Алайда, «Белкөл» кентінде шешілуі қажет мәселелер де бар. Солардың ең маңыздысы – орталық көшеге аяқсу тарту және мәдениет үйінің жоқтығы. Бұл мәселелерді шешу үшін 254,9 млн теңгеге жобалық құжаттар әзірленіп, қайта жаңғырту жоспарлануда. Клуб ғимаратының құрылысына жер телімі бөлініп, жобалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өтті. 604 млн теңге көлеміндегі бюджет өтінімі облыстық құрылыс басқармасына жіберілді. «Бұл жобалар іске асқанда, тұрғындардың өмір сүру сапасы жақсарып, кенттің әлеуметтік-мәдени дамуы жаңа деңгейге көтеріледі деп күтілуде» дейді Жасұлан Сәду.

    Previous ArticleҚызылорда қаласында қандай ірі құрылыс және инфрақұрылым жобалары жүзеге асуда?
    Next Article Күрделі жөндеуден өткен білім ошағы қатаң бақылауда
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.