Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Адалдық — адамдық негізі
    Жаңалықтар

    Адалдық — адамдық негізі

    SalemnewsSalemnews29.08.202531 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қызылорда қаласында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Қызылорда қаласында «Торғай-Петролеум» АҚ қызметкерлерімен Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында кездесу өткізілді.

    Іс-шараға ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері – «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, философия ғылымдарының докторы (PhD) Дәулет Омаров, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, мәслихаттағы Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының жетекшісі Мақсұт Нәлібаев, сондай-ақ «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» филиалының төрағасы Наталья Мишукова қатысты.

    Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда атап көрсеткен «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты кеңінен түсіндірілді. Қоғамда әділдік, жауапкершілік және өрлеу құндылықтарын орнықтырудың маңызына ерекше назар аударылды.
    Спикерлердің айтуынша, бұл қағидат әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналған жағдайда еліміз әділетті, бірлігі бекем әрі болашағы жарқын мемлекетке айналмақ. Сонымен қатар жастарды адал еңбек етуге, адал жолмен табыс табуға және ел дамуына белсене үлес қосуға шақырды.

    Жұмысшы кездесу
    Previous ArticleӨңірлерден келген делегация Қызылордадағы даму жобаларымен танысты
    Next Article Басқа облыстардан келген қонақтар Сыр еліндегі өрлеу үдерістерімен танысты
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.