Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Оралда «AUYL FEST. Қой шаруашылығы – 2025» тұңғыш халықаралық форумы басталды
    Жаңалықтар

    Оралда «AUYL FEST. Қой шаруашылығы – 2025» тұңғыш халықаралық форумы басталды

    SalemnewsSalemnews16.08.202522 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Бүгін Оралда ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды оқиғалардың бірі – «AUYL FEST. Қой шаруашылығы – 2025» тұңғыш халықаралық форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Форумның ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық комитеттің төрағасы, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ералы Тоқжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қарақат Әбден, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин және министрліктерден өкілдер қатысты.

    Сонымен қатар форум жұмысына отандық сарапшылармен қатар Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Венгрия, Франция және Иран Ислам Республикасынан келген халықаралық қонақтар, ғалымдар мен ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысуда.

    Форум аясында қой шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру, жаңа технологияларды енгізу, мал шаруашылығындағы инновациялық тәсілдер, экологиялық тұрақтылық пен экспорттық әлеуетті кеңейту бағыттары кеңінен талқыланбақ.

    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөздерінде ауылдың әлеуетін арттыруға ерекше назар аударып келеді және 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы»деп жариялаған болатын. Бұл бастама – еңбек адамының мәртебесін көтеріп, нақты өндіріс пен кәсіптік-техникалық білім беру саласына жаңа серпін беруге бағытталған маңызды қадам», – деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев. 

    «AUYL FEST. Қой шаруашылығы – 2025» халықаралық форумында ғылыми-практикалық конференциялар, көрмелер, тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылмақ.

    Форумның басты мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту, заманауи технологияларды енгізу арқылы отандық қой шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

    Auyl Fest Қой шаруашылығы Орал
    Previous ArticleБала тәрбиесі — үлкен жауапкершілік
    Next Article Зеленский мен Трамп Вашингтонда кездесетін болды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.