Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Зеленский мен Трамп Вашингтонда кездесетін болды
    Жаңалықтар

    Зеленский мен Трамп Вашингтонда кездесетін болды

    SalemnewsSalemnews16.08.202562 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: t.me/V_Zelenskiy_official

    Украина президенті Владимир Зеленский 18 тамыз күні Вашингтонға ресми сапарменбарады. Ол жерде АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөздер өткізеді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    «Шақырту үшін алғыс айтамын», – деп жазды Зеленский өзінің Telegram-арнасында.

    Бұл – украин көшбасшысының ақпан айында Ақ үйде орын алған келіспеушіліктен кейінгі Вашингтонға алғашқы сапары болмақ. Ол кезде екі ел арасындағы ресурстық келісімшарттөңірегінде дау туған еді. Кейін тараптар келісімге келген.

    Кездесуге еуропалық көшбасшылар да қатысқан

    Зеленскийдің айтуынша, Вашингтонға сапардың алдында ол Трамппен ұзақ келіссөз жүргізген. Алдымен тет-а-тет форматында, одан кейін кеңейтілген құрамда кездескен.

    Оған қоса, келіссөзге:

    • Франция президенті Эммануэль Макрон
    • Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер
    • Германия канцлері Фридрих Мерц
    • Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен
    • НАТО бас хатшысы Марк Рютте қатысқан.

    Трамп – Путин кездесуінің нәтижелері талқыланды

    Зеленскийдің сөзінше, келіссөздер барысында Трамп оған Ресей президенті Владимир Путинмен Аляскада өткен кездесуінің негізгі нәтижелері туралы айтқан.

    Бұл мәлімет Вашингтондағы келіссөздердің күн тәртібінде қауіпсіздік пен халықаралық серіктестіктің басты тақырып болатынын аңғартады.

    Контекст

    Айта кетсек, 2025 жылдың 16 тамызына қараған түні Аляскада өткен кездесуден кейін Ресей және АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп бірлескен баспасөз конференциясын өткізлі. Ресей және АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп Аляскадағы келіссөздерде аудармашыны пайдаланды. АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесуден кейін Украина лидері Владимир Зеленскийге қақтығысты тоқтату үшін Мәскеумен келісім жасауды ұсынды. Руслан Желдібай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тарихи саммит екі ел басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды деп санайтынын жеткізді.

    Зеленский кездесу Трамп
    Previous ArticleОралда «AUYL FEST. Қой шаруашылығы – 2025» тұңғыш халықаралық форумы басталды
    Next Article Денсаулық сақтау саласына қатысты ұсыныс-пікірлер қаралды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.