Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Оралда инвесторға 33 млн теңге заңсыз айыппұл салынған
    Жаңалықтар

    Оралда инвесторға 33 млн теңге заңсыз айыппұл салынған

    SalemnewsSalemnews02.07.202521 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    Орал қаласының прокуратурасы «К5 экологиялық класты мотор отындарын өндіруді жаңғырту» инвестициялық жобасын іске асырып жатқан «Конденсат» АҚ-ның бұзылған құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Сот актісін зерделеу шеңберінде инвестордың негізсіз әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

    Мәселен, валюталық түсімді репатриациялау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін «Конденсат» АҚ соттың қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 251-бабының 2-тармағы бойынша 33 млн теңгеге айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    Дегенмен, іс материалдарын зерделеу «Конденсат» АҚ шетелдік контрагентпен 32 млн ресей рублінен (163 млн теңгеден астам) астам сомаға сыртқы экономикалық шарт бойынша міндеттемелердің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес толық көлемде орындалғанын көрсетті.

    Инвесторды жауапкершілікке тартуға негіз болған жоқ.

    Қала прокуратурасының апелляциялық өтініші бойынша Батыс Қазақстан облыстық сотының сот алқасы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты, заңсыз сот актісінің күші жойылды.

    айыппұл Орал
    Previous Article«Спорт фестиваль – 2025»: Қызылордада ауқымды шара өтті
    Next Article Елена Рыбакина «Уимблдон-2025» турнирінің екінші айналымына шықты
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.