Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Спортты дамыту дирекциясы 1 қызметкерге орта есеппен 7,7 млн теңге сыйақы берген – мемлекеттік аудит қорытындысы
    Жаңалықтар

    Спортты дамыту дирекциясы 1 қызметкерге орта есеппен 7,7 млн теңге сыйақы берген – мемлекеттік аудит қорытындысы

    SalemnewsSalemnews30.06.202543 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: gov.kz

    Спортшыларды тәрбиелеуге және даярлауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит аяқталды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Мәдениет және спорт министрлігінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда спортпен айналысатын халық саны тұрақты өсуде. 2021 жылдан 2024 жылға дейін 24% артып, 8,4 млн адамға жеткен (бұл халықтың 40%-дан астамы). Спортты дамытуға бағытталған шығындар да жыл сайын артып келеді. 2021 жылдан бері 153 млрд теңгеден 315 млрд теңгеге дейін екі есе өскен.

    Мемлекеттік аудит жоғары жетістіктер спорты мен спорттық резервті даярлау саласындағы бірқатар проблема мен кемшілікті анықтады.

    Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған 3 тұжырымдама, 4 мемлекеттік бағдарлама және 1 кешенді жоспар қабылданды. Алайда ауқымды нормативтік базаға қарамастан, жоғары жетістіктер спортын дамытуда әлі де жүйелі тәсіл жоқ. Мысалы, 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарда жоғары жетістіктер спортын дамытуға бағытталған іс-шаралар мүлде қарастырылмаған. 2025 жылға дейінгі тұжырымдамадағы көптеген міндет толық орындалмай, 2029 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамаға енгізілген.

    Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету де кемшіліктер бар. Министрлік спорт саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбеген, ал кезеңдік жоспарларда спортшыларды даярлау мен медициналық-ғылыми сүйемелдеудің заманауи тәсілдері ескерілмейді. Спорттың басым түрлерінің тізімін қалыптастыруда да бұзушылықтар анықталды. Бұл шешімдер кешенді талдау жүргізілмей қабылданған және көбіне спорт федерацияларының мүддесіне тәуелді болып келді. Нәтижесінде спорт түрінің әлеуеті, жетістіктері мен материалдық-техникалық базасы ескерілмей қаражат бөлінген. Мәселен, кейбір олимпиадалық емес спорт түрлеріне осыған ұқсас олимпиадалық спорт түрлеріне қарағанда көбірек қаражат бөлінген.

    Аудит 6 жазғы олимпиадалық спорт түрі бойынша кешенді мақсатты бағдарламалар бекітілмегенін анықтады. Сонымен қатар 46 жазғы олимпиадалық спорт түрінің 19-ы бойынша спорт ұйымдарында спортшыларды даярлау бағдарламалары жоқ. Олардың ішінде 5 спорт түрі бойынша дайындықтың әлсіздігі мен бәсекелестіктің төмен болуына байланысты спортшылар олимпиадалық іріктеу турнирлеріне мүлде қатыспай, Олимпиадаға лицензия бермейтін өзге халықаралық жарыстарға ғана қатысқан. Соған қарамастан 2022-2024 жылдар аралығында осы спорт түрлеріне спортшыларды даярлауға бюджеттен шамамен 2 млрд теңге жұмсалған.

    Олимпиадалық спорт түрлері бойынша білікті жаттықтырушылар тапшылығы бар. Ал олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша штаттар артығымен жасақталған, өйткені бұл бағыттарда медаль алу мүмкіндігі жоғары және оған сәйкес бонустар да қарастырылған.

    Медаль санының артуына қарамастан, спортқа жұмсалатын қаражаттың тиімділігі төмендеуде. 2022-2024 жылдар аралығында шамамен 4 млрд теңге жұмсалғанымен, 11 спорт түрі бойынша бірде-бір медаль жоқ. Спорттық резервті даярлау жүйесі әлі де тиімді емес. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне қабылдау процесі ашық емес, спортшылар мен жаттықтырушылардың бірыңғай цифрлық есебі жүргізілмейді, медициналық сүйемелдеу ескірген әрі барлық спортшыны толық қамтымайды.

    2021-2024 жылдары «Спортты дамыту дирекциясы» әкімшілік персоналына сыйақы төлеуге 3,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Кейбір жағдайларда төлем сомалары жалақы қорынан асып кеткен, ал бір қызметкерге жылдық орташа сыйақы 7,7 млн теңгені құраған. Сонымен қатар спортшыларды даярлауға қатысы жоқ қызметкерлерге де оқу-жаттығу процесінің сапасына байланысты қосымша ақы төленген.

    Аудит қорытындысы бойынша жалпы 17 млрд теңгеге жуық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде:

    348 млн теңге қаржылық бұзушылықтар,

    2,8 млрд теңге тиімсіз жоспарланған,

    13,7 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған.

    56 жүйелі кемшілік пен 270 рәсімдік бұзушылық тіркелді.

    157 аудит материалы әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін қарау үшін жауапты органдарға жолданды.

    Спортты дамыту сыйақы
    Previous ArticleЖоғарғы Сот республика соттарының бірінші жартыжылдықтың жұмысын қорытындылады
    Next Article Қызылордада жедел басқару орталығының ғимараты жөндеуден өтті
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.