Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қызылордада жедел басқару орталығының ғимараты жөндеуден өтті
    Жаңалықтар

    Қызылордада жедел басқару орталығының ғимараты жөндеуден өтті

    SalemnewsSalemnews01.07.202561 Min Read
    Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызмет
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылорда қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының ғимаратына жүргізілген күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жуырда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге ғимараттың жай-күйімен танысты.

    Қазіргі уақытта жедел басқару орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, толықтай жаңартылған. Орталықтың басқару залына бейнеқабырға, операторларға арналған 15 автоматтандырылған жұмыс орны мен жаңа жиһаздар қойылған.

    Мұнан бөлек, заманауи құрал-жабдықтармен толықтырылып, бейнеконференц байланыс жүйесі іске қосылған.

    Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алуда жергілікті бюджет есебінен бірқатар жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, 1400 бейнебақылау камерасы, 20 «Зияткерлік қиылыс» және 58 стационарлық жылдамдық өлшегіш, жасанды интеллектке негізделген бейнеаналитикалық жүйе орнатылады.

    Қызылорда облысында республикада алғашқы болып барлық аудандық полиция бөлімдерінде жедел басқару орталықтары ашылды.

    Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін 4 млрд 550 млн теңгеге бюджеттік өтінім жолданып, оның 1 млрд 382 млн теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген.

    Previous ArticleСпортты дамыту дирекциясы 1 қызметкерге орта есеппен 7,7 млн теңге сыйақы берген – мемлекеттік аудит қорытындысы
    Next Article Елімізде 1 шілдеден бастап не өзгереді
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.