Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Самарқанд ауылында медицина саласында 51 жыл бойы адал еңбек етіп келе жатқан Жұмакүл Әшімқызы Әлкееваға «Еңбек ардагері» медалі табысталды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.
Бұқар жырау ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев Самарқанд ауылындағы жаңадан ашылған амбулаторияның қызметімен танысып, медицина саласында 51 жыл бойы қызмет еткен Жұмакүл Әшімқызы Әлкееваның осы күнге дейін ешқандай марапат алмағанын естіген ол құрмет көрсету бастамасын көтереді.
Серік Егізбаевтың ұсынысы және ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарованың тікелей және пәрменді қолдауының нәтижесінде Жұмакүл Әшімқызына «Еңбек ардагері» медалі табысталды.
