Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»5 шақырым жол – 790 миллион теңге: Жетісу әкімдігі сынға ұшырады
    Жаңалықтар

    5 шақырым жол – 790 миллион теңге: Жетісу әкімдігі сынға ұшырады

    SalemnewsSalemnews05.05.202522 Mins Read
    Фото: Жаркент қаласы әкімдігі
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Жетісу облысы Жаркент қаласындағы екі көшенің күрделі жөндеуіне қатысты басталған инфрақұрылымдық жоба сот ісімен аяқталды. Бұл туралы salemnews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

    Келісімшарт бойынша жөндеу жұмыстарының жалпы құны 787,8 миллион теңгеге тең. Аталған қаржыға мердігер мекеме екі көшені жөндеп, жаңа көпір салуы керек еді. Алайда жауапты компания жұмыстарды уақытында орындамай кеткен. Тұрғындардың айтуынша, бір жылдан бері көшелер қазылып, жөнделмей, сол күйінде қалған.

    «Көшені қопарып кеткендеріне бір жыл болды. Жаңбыр жауса — батпақ, бұрын далаға киім жайып қоятын едік, қазір бәрі шаң-тозаң болады. Қайтадан жууға тура келеді. Оған қоса, балаларымыз осы шаңнан ауырып, аллергиялары қозып кетті. Қазір жаз мезгілі, көліктер қатты жүріп, шаңды аспанға көтереді», — дейді Сыпатаев көшесінің тұрғындары.

    Әкімдіктің мәліметінше, осыдан екі жыл бұрын жобаға 50 миллион теңге бөлініп, Сыпатаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынған. Ал 2024 жылдың сәуірінде қосымша 150 миллион теңге бөлініп, Ходжамьяров көшесінде жаяу жүргіншілер жолы мен негіздемесі бойынша жұмыстар атқарылған. Дегенмен сол жылдың қарашасында асфальт төсеу битум тапшылығына байланысты тоқтатылған.

    «Жобаның қалған 587 миллион теңгесі 2025 жылға жоспарланған еді. Бүгін мердігер мекеме өз міндеттемелерін орындамағандықтан, бөлім компанияны сотқа берді. Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 147 миллион теңге көлеміндегі аванстық төлемді өндіріп алу туралы шешім шығарды. Бұған қосымша, 2025 жылғы 7 сәуірде «МАКС дорстройсервис-21″ ЖШС-ін жосықсыз мердігер деп тану және негізгі келісімшартты бұзу туралы талап арыз сотқа жолданды. Қазір бұл арыз соттың қарауында», — деп хабарлады Панфилов ауданы әкімдігінің өкілдері.

    Алайда жөндеу жұмыстарының нақты қашан аяқталатыны белгісіз. Бұл сұрақ тұрғындар үшін әлі де өзекті. Әкімдік өкілдері де бұл мәселеге нақты жауап бере алмады.

    әкімдік Жетісу жол жөндеу
    Previous ArticleҚосылған құн салығы 16% болып белгіленді
    Next Article Біз болмасақ, елдегі төбелесті тоқтата алмас едіңдер!: Қазақстандықтар тағы бір орыс ұлтынан шыққан кәсіпкердің бизнесіне байкот жариялады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстан Азия чемпионатының 1-күнінде 6 медаль жеңіп алды

    19.06.2025

    Жамбыл облысында қылмыстық топ ұсталды

    19.06.2025

    Ерекше қажеттілігі бар 28 жасөспірім «Оқу-өндірістік комбинаттар» жобасының түлегі атанды

    18.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 601 Views

    Қазақстанда табиғи апаттарға арналған сақтандыру жүйесі қашан әзірленеді?

    26.12.20243 041 Views

    «Шамадан тыс қолданудың зардабы ауыр». Антибиотиктерді бақылаусыз ішу мен сатудың салдары қандай?

    16.10.20242 568 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2025 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.