Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Әйгілі «Барселона» академиясында тәлім алған футболшы «Қайрат» сапына қосылды
    Жаңалықтар

    Әйгілі «Барселона» академиясында тәлім алған футболшы «Қайрат» сапына қосылды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова12.06.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Getty Images/Global Images Ukraine


    Алматылық «Қайрат» испаниялық шабуылшы Марк Гуальмен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    «Қайрат» футбол клубы испаниялық шабуылшы Марк Гуальмен келісімшарт жасалғанын мәлімдеді. Келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін есептелген.

    Жасы: 30
    Позициясы: орталық шабуылшы
    Бойы: 184 см
    Салмағы: 73 кг
    Марк Гуаль Каталонияның Бадалона қаласында дүниеге келген. Ол «Бадалона», «Барселона» және «Эспаньол» клубтарының академияларында тәрбиеленген. Кәсіби деңгейде «Севилья Атлетико», «Сарагоса», «Жирона», «Реал Мадрид Кастилья» және «Алькоркон» командаларында өнер көрсеткен.

    2022 жылдың көктемінде Гуаль Польшаның «Ягеллония» клубына ауысты. 2022/23 маусымының қорытындысы бойынша ол Польша чемпионатының үздік сұрмергені атанып, Экстраклассаның үздік шабуылшысы деп танылды.

    2023 жылдың жазында испаниялық футболшы Варшаваның «Легия» клубына қосылды. Бұл команда сапында Польша Суперкубогы мен Польша кубогын жеңіп алды. 2024/25 маусымында Марк барлық турнирде 19 гол соғып, команданың үздік сұрмергені болды. Оның ішінде УЕФА Конференциялар лигасында 7 гол соққан.

    Шабуылшының соңғы клубы Португалия чемпионатының жоғары дивизионында өнер көрсететін «Риу Аве» болды.

    Previous ArticleҚызылорданың тазалық жүйесі қалай жұмыс істейді?
    Next Article Елена Рыбакина Лондонда өткен WTA 500 турнирінің ширек финалында жеңіліс тапты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.