Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қызылорданың тазалық жүйесі қалай жұмыс істейді?
    Жаңалықтар

    Қызылорданың тазалық жүйесі қалай жұмыс істейді?

    SalemnewsSalemnews12.06.202634 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылорда қаласының көркейіп, тазалығының артуы – бүгінде қала қонақтарының да, тұрғындарының да ерекше назарын аударып отырған өзекті тақырыптардың бірі. Шаһардың санитарлық ахуалы мен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, қала келбеті күн санап жаңарып келеді. Осы бағыттағы жұмыстардың барысын нақтылау мақсатында біз «Қызылорда тазалығы» КМК директоры Мақсат Өмірбекұлымен сұхбаттасқан едік.

    – Қала тазалығын қамтамасыз ету бағытында биыл қандай жұмыстар атқарылды?

    – Мекеме құрылған күннен бері қала аумағында санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі сипат алып, тұрақты түрде жолға қойылған.

    Биылғы маусымда атқарылатын жұмыстардың ауқымы бұрынғыдан да кеңейді. Шөп шабу, бордюр сырлау, су себу, арықтарды тазалау сияқты жұмыстар күн тәртібінен түскен емес. Қала көшелерінің тазалығы тұрақты бақылауда ұсталып, арнайы жоспар негізінде орындалуда.

    Сонымен қатар,бұл жұмыстарға 200-ден астам жұмысшы жұмылдырылған. Қоқыс таситын арнайы көліктер, су себетін машиналар, жол жиектеріндегі шаңды соруға арналған техникалар тұрақты түрде қызмет көрсетуде. Белгіленген жоспарға сәйкес, қала көшелерін арнайы техникалармен сыпыру жұмыстары да үздіксіз әрі жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

    – Мекеменің материалдық-техникалық базасы қаншалықты жаңарып жатыр?

    – Қазіргі таңда мекеме теңгерімінде 178-ге жуық техника бар. Соның 67 данасы – жаңа. Осылайша, жалпы техникалық базаның 80 пайызға жуығы жаңартылды деуге болады.

    Бұдан бөлек, лизингтік жүйе арқылы жалпы құны 2 млрд 843 млн теңгеге 32 дана жаңа техника алу жоспарлануда. Қазіргі таңда оның 5 данасы, яғни қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдайтын арнайы техникалар жеткізілген. Бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып келеді.

    – Алдағы уақытта қала тазалығын жаңа деңгейге көтеру мақсатында қандай жобалар жоспарлануда?

    – Атап айтқанда, қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу (пластик, қағаз, шыны) бағытында пилоттық жобалар қарастырылып отыр. Қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру да кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын негізгі бағыттардың бірі.

    Сонымен қатар жаңа контейнерлер санын көбейту және арнайы техникаларды толықтыру көзделген. Заңсыз қоқыс тастаудың алдын алу мақсатында полициямен бірлескен мобильдік топтардың рейдтік жұмыстары тұрақты түрде жалғасады.

    Біз қаланың барлық аймағын, соның ішінде шеткі аудандар мен жаңа шағын аудандарды да толық санитарлық қызметпен қамтып отырмыз. Көпқабатты тұрғын үйлер толық қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз етілген. Ал жеке сектор мен жаңа аудандарда тұрғындардың шамамен 30 пайызы ғана жеке контейнер орнатқан, қалған бөлігі бекітілген кесте бойынша қоқысты көшеге шығарады. Дегенмен, барлық тұрғындар қоқыс тасымалдау қызметімен толық қамтылып отыр.

    – Қала шетіндегі аудандар мен жаңа шағын аудандар тазалық жұмыстарымен қаншалықты қамтылып отыр?

    – Ең басты мәселе – тұрғындардың қоқысты бейберекет жерге немесе белгіленбеген уақытта шығарып тастауы. Ол жұмыс тәртібіне кері әсер етеді.

    Сонымен қатар кейбір жағдайларда қоқыс көлемінің көптігі мен техникалардың тозуы салдарынан уақытша кідірістер орын алып жатады. Дегенмен, бұл мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді.

    – Мекемеде бүгінде қанша қызметкер еңбек етеді?

    – Бүгінгі таңда штат бойынша 538 бірлік қарастырылған, оның 516-сы нақты жұмыс істеп жатыр, ал 22-сі бос жұмыс орындарына жатады.

    Тазалық бөлімінде 204 қызметкер еңбек етеді. Көгалдандыру және су жеткізу бағытында 45 адам жұмыс істейді. Сонымен қатар 3 диспетчер, 79 жүк тиеуші және 50 қосалқы қызметкер бар.

    Жүргізушілер бойынша 112 штаттық бірлік қарастырылып, оның 106-сы нақты жұмыс істейді. Инженерлік-техникалық құрамда 23 адам қызмет атқарады, оның ішінде 2-еуі басшылық құрамға кіреді.

    – Ұжымның жас құрамы қандай?

    – Бүгінде ұжымның негізгі бөлігін көпжылдық тәжірибесі бар мамандар құрайды. Сонымен қатар жас кадрлар да біртіндеп көбейіп жатыр. Қазіргі таңда жастардың үлесі – 9 пайыз.

    Олқылықтың орнын толтыру мақсатында мекеме тарапынан жас мамандардың кәсіби дамуына, тәжірибе жинауына тұрақты түрде қолдау көрсетіліп отырады.

    – Қала тазалығы мен көгалдандыру жұмыстарының тиімділігін бағалайтын негізгі көрсеткіштер қандай?

    – Басты көрсеткіш – қаланың санитарлық деңгейінің жоғары болуы. Сонымен қатар заңбұзушылықтардың азаюы да маңызды индикатор болып саналады.

    Мысалы, “Таза аула”, “Таза қала” байқаулары, белсенді тұрғындарды марапаттау және заңсыз қоқыс тастаушыларға қарсы рейдтердің нәтижелері нақты көрсеткіш ретінде қарастырылады.

    Мәселен, өткен жылы заңсыз қоқыс тастағандарға 21,3 млн теңге айыппұл салынса, ағымдағы кезеңде бұл көрсеткіш 8 млн теңгеге жеткен. Бұл жердегі мәселе айыппұл салуда, экомәдениетті қалыптастыруда болуы қажет. Сонымен қатар құрылыс қалдықтарын заңсыз төккен тұлғалар мен компанияларға әкімшілік шара қолданылып, қоқысты өз қаражаты есебінен тазалату тәжірибесі де кеңінен енгізілуде.

    – Сұхбатыңызға рақмет!

    Көгалдандыру Қамысқала Қызылорда
    Previous Article2028 жылы Бейжіңде бірден төрт әлем чемпионаты өтеді
    Next Article Әйгілі «Барселона» академиясында тәлім алған футболшы «Қайрат» сапына қосылды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.