Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ұлытаулық 76 жастағы ақсақал 53 күннің ішінде Парижге жаяу жетті
    Жаңалықтар

    Ұлытаулық 76 жастағы ақсақал 53 күннің ішінде Парижге жаяу жетті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова28.04.202692 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото ашық дереккөзден. Суретте: Сәрсенбай Қотырашов

    Ұлытау өңірінің 76 жастағы тұрғыны, саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов Еуропаға жасаған жаяу сапарын сәтті аяқтап, халықаралық деңгейде марапатқа ие болды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Саяхатшы Ulytauman лақап атымен танымал. Ол 2026 жылдың 3 наурызында жолға шығып, 53 күн ішінде Сербия, Мажарстан, Аустрия, Германия және Франция аумағын жаяу жүріп өтіп, шамамен 3 мың шақырымды еңсерген. Париж қаласында оны дипломаттар мен ЮНЕСКО өкілдері қарсы алған.

    Сапар барысында түрлі қиындықтар туындаған. Автобандармен жүруге шектеу болғандықтан, ақсақал жолсыз аймақтар мен велосипед жолдарын пайдалануға мәжбүр болған. Тіпті жүк артылған арбасы да шыдас бермей қалғанымен, саяхатшы межелі жерге жеткен.

    Осы жетістігі үшін Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Сәрсенбай Қотырашовқа «Құрметті спорт қызметкері» атағын табыстады.

    Министрлік мәліметінше, саяхатшы бұған дейін де ірі жорықтарымен танылған. 2022 жылы ол Қазақстанның 17 облысын жаяу аралап, 8 мың шақырым жүріп өткен. Бұл жетістігі КИнЭС рекордтар кітабына енген.

    Соңғы жылдары ол халықаралық бағыттағы сапарларын жалғастырып келеді: 2023 жылы Атыраудан бастап Кавказ арқылы Түркияның Стамбұл қаласына жетсе, 2024 жылы Өскеменнен шығып, Алтай мен Моңғолия арқылы Бейжіңге дейін барған.

    Алдағы жоспарында – 2027 жылы АҚШ-та жаяу саяхат жасап, Атлант мұхитынан Тынық мұхиты жағалауына дейінгі сегіз штат арқылы өту бар. Саяхатшы қазақстандықтарды белсенді өмір салтын ұстануға, күнделікті жаяу жүруге және өз мүмкіндіктеріне сенуге шақырады.

    Previous ArticleАйына 1 млн теңге: Баян Мақсатқызы Меруерт Өтекешоваға ақша беретін болды
    Next Article Өңірлік экологиялық саммит:Орталық Азияның  экологиялық диалогы
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.