Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ұлыбританияда дәрігерлері тарихта алғаш рет генді түзету арқылы аққан ауруын жеңді
    Жаңалықтар

    Ұлыбританияда дәрігерлері тарихта алғаш рет генді түзету арқылы аққан ауруын жеңді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова01.07.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    сурет: Great Ormond Street Hospital


    Ұлыбританияда дәрігерлер алғаш рет генді түзету технологиясының көмегімен лейкозға шалдыққан науқастың өмірін сақтап қалды. Қазір тәжірибелік ем қабылдаған қыз аурудан айығып, қалыпты өмірге оралып, биомедицина саласында білім алуды армандайды, salemnews.kz ақпарат агенттігі newscientist.com-ға сілтеме жасап.

    13 жасында Т-жасушалы жедел лимфобластық лейкоз диагнозы қойылған Алисса Таплидің ағзасы химиотерапияға да, сүйек кемігін трансплантациялауға да жауап бермеген. Дәрігерлер оның санаулы аптасы ғана қалғанын айтқан.

    Сол кезде оған Лондондағы ауруханада CRISPR base editing технологиясына негізделген тәжірибелік ем ұсынылды. Ғалымдар донордан алынған иммундық Т-жасушаларды генетикалық тұрғыдан өзгертіп, оларды қатерлі ісік жасушаларын жоятындай етіп қайта бағдарламалаған. Өзгертілген жасушалар ағзаға енгізілгеннен кейін көбейіп, қатерлі ісікке қарсы күрес жүргізген.

    Бірнеше аптадан кейін жүргізілген тексерулерде қыздың сүйек кемігінде лейкоз белгілері анықталмаған. Осыдан кейін оған екінші рет сүйек кемігі трансплантациясы жасалып, ем сәтті аяқталған.

    Қазір Алисса 17 жаста. Ол ремиссияда жүр, мектепте білім алып, көлік жүргізуді үйреніп жатыр. Болашақта биомедицина саласының маманы болып, өзіне өмір сыйлаған ғылымның дамуына үлес қосуды мақсат етеді.

    Мамандардың айтуынша, бұл әдіс әзірге тәжірибелік деңгейде болғанымен, Т-жасушалы лейкозды емдеуде жаңа кезеңнің басталғанын көрсетеді. Зерттеушілердің пікірінше, генді дәл түзету технологиясы болашақта дәстүрлі, ағзаға ауыр әсер ететін емдеу тәсілдерінің орнын басуы мүмкін.

    Previous ArticleҚытайда ұлты қазақ дәрігер жоғары марапатқа ие болды
    Next Article «Таза Қазақстан»: Қызылордада экологиялық мәдениет қалай қалыптасып жатыр?
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.