Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қытайда ұлты қазақ дәрігер жоғары марапатқа ие болды
    Жаңалықтар

    Қытайда ұлты қазақ дәрігер жоғары марапатқа ие болды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова01.07.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    CCTV


    Бүгін Қытай астанасы Бейжіңдегі Халық жиналысы сарайында Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 105 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды salemnews.kz «24KZ» CCTV-ға сілтеме жасап. 

    Іс-шара барысында Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы, ҚХР төрағасы әрі Орталық әскери кеңестің төрағасы Си Цзиньпин мемлекет пен қоғамның дамуына ерекше үлес қосқан бірқатар тұлғаға Қытай Коммунистік партиясының ең жоғары марапаты — «1 шілде» орденін табыстады. 

    Биыл аталған жоғары марапатқа сегіз адам ие болды. Олардың қатарында қазақ ұлтының өкілі, дәрігер Ухас Сүлеймен де бар.

    Қытайдың ресми бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Ухас Сүлеймен шекаралық өңір тұрғындарының денсаулығын қорғауға өмірін арнаған дәрігер. Ол 40 жылдан астам уақыт бойы ат үстінде жүріп, дәрі қобдишасын серік етіп, аптап ыстық пен қақаған аязға қарамастан жайлау мен киіз үйлерді аралап, жергілікті халыққа медициналық көмек көрсетіп келеді.

    Ухас Сүлеймен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы Тарбағатай аймағына қарасты Шәуешек өңірінің Дөрбілжін ауданы мал шаруашылығы ауруханасында ішкі аурулар бөлімінің бас дәрігерінің орынбасары болып қызмет атқарған. Ол 1975 жылдан бері 100 мыңнан астам науқасты емдеп, бірнеше мың ауыр халдегі пациенттің өмірін сақтап қалуға атсалысқан. Сонымен қатар 3200-ден астам нәрестенің дүниеге келуіне көмектескен. Ауылдық денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін ол бұған дейін «Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің үздік қызметкері», «Қытайдың 1 мамыр еңбек медалі», «Ұлттар бірлігі мен прогресінің үздік қайраткері» сияқты бірқатар мемлекеттік марапатқа ие болған.

    Ресми сипаттамада оның еңбегі «шекаралық өңір халқының денсаулығын қорғаған ақ халатты абзал жанның дәрігерлік ізгілігі мен партияның бастапқы миссиясына адалдығының жарқын үлгісі» ретінде бағаланған.

    «1 шілде» ордені — Қытай Коммунистік партиясының ең жоғары партиялық марапаты. Ол Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің шешімімен тағайындалып, марапатты ҚКП Орталық комитетінің бас хатшысы табыстайды.

    Орден 2017 жылғы 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген және әдетте, бес жылда бір рет Қытайдың әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше үлес қосқан партия мүшелеріне беріледі. Марапат тағайындалғаннан бері оған барлығы 37 адам ие болды.

    Ухас Сүлеймен — осы жоғары марапатқа ие болған алғашқы қазақ ұлтының өкілі.

    Previous ArticleҚызылорда облысының түлегі ҰБТ-дан 140 ұпай жинады
    Next Article Ұлыбританияда дәрігерлері тарихта алғаш рет генді түзету арқылы аққан ауруын жеңді
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.