Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер
    Жаңалықтар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    SalemnewsSalemnews27.07.202605 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Қызылорда қаласына іргелес орналасқан Қызылжарма ауылдық округі соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан елді мекендердің біріне айналды. Халық санының артуы жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды, инженерлік желілерді жаңғыртуды, жолдарды жөндеуді және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруды талап етеді. Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту, цифрландыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру сияқты бағыттар да назардан тыс қалған жоқ.

    Ауылдық округте жүзеге асып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Шәріп Әбдірахманов тарқатты.

    – Қызылжарма ауылдық округінің даму жоспары қандай бағыттарға негізделген? Бүгінде қай жобаларға басымдық беріліп отыр?

    – Бүгінгі күні әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту негізгі басымдықтардың бірі болып отыр.

    Қазіргі таңда Қызылжарма ауылында сегіз жоба аясында 15 көшеге қайта жаңғырту және жол салу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар бірнеше балалар ойын алаңы салынып, тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді.

    Ауылдың шеткі бөліктерінде орналасқан көшелерді де назардан тыс қалдырмаймыз. Ондағы тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін жаңа электр желілерін тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

    Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Шәріп Әбдірахманов

    – Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қандай ірі жобалар қолға алынды?

    – Бұл бағытта соңғы бірнеше жылда ауқымды жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақытта ауылдық округтің 67 көшесіне электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 1 миллиард 729 миллион теңгеден асады. Бұл ауылдың энергетикалық инфрақұрылымын жаңартып қана қоймай, болашақтағы тұрғын үй құрылысына да мүмкіндік береді.

    Сонымен бірге сумен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында жалпы құны 244 миллион теңгеден асатын жоба аясында үш су ұңғымасы орнатылды. Жол инфрақұрылымын дамыту да тұрақты жалғасуда. 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 23 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, асфальт төселді.

    Одан бөлек, 2022–2024 жылдар аралығында қалалық құрылыс бөлімі арқылы 35 көшеге тас төселді. Ал биыл осы бағдарламаның аясында тағы бес көшеге күрделі жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар сегіз жоба шеңберінде 15 көшеге қайта жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылды.

    Жолдардың сапасы ауыл тұрғындары үшін ең маңызды мәселелердің бірі екені белгілі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырамыз.

    – Санитарлық тазалық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

    – «Таза Қазақстан» экологиялық тұжырымдамасы біздің ауылда тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Акция аясында ауыл көшелері мен каналдардың жағалаулары тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, жаңа ағаш көшеттері отырғызылды.

    Апта сайын жалпы ауылдық сенбіліктер ұйымдастырылып, оған мемлекеттік қызметкерлер, жастар, еріктілер мен тұрғындар белсенді қатысады. Тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару мақсатында тұрғындар «Қызылорда Тазалығы» мекемесімен келісімшарт жасаған.

    Сонымен бірге заңсыз қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеу үшін тұрақты рейдтер өткізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434 және 505-баптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қажет болған жағдайда әкімшілік шаралар қолданылады.

    – Тұрғындардың демалысына арналған қоғамдық кеңістіктерді көбейту жоспарда бар ма?

    – Әрине. Бүгінде Батырбаев көшесінің бойында орналасқан демалыс саябағы ауыл тұрғындарының сүйікті орындарының біріне айналған. Бұл аумақта сенбілік сайын санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіледі.

    Сонымен қатар алдағы уақытта жаңа демалыс саябақтарын, скверлер мен серуендеу аймақтарын көбейту жоспарымызда бар. Халық саны өсіп келе жатқан ауыл үшін мұндай қоғамдық кеңістіктердің маңызы зор.

    – Әлеуметтік қолдау бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

    – Әлеуметтік қолдау мәселесіне де ерекше көңіл бөлеміз. Қазіргі таңда ауылдық округ әкімдігінде 18 қоғамдық жұмысшы еңбек етеді. Оның төртеуі – мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

    Біздің мақсат – әлеуметтік осал топтарға тұрақты қолдау көрсетіп, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау.

    – Кәсіпкерлікті дамыту бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?

    – Бүгінде ауылдық округте 491 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Оның қатарында мал шаруашылығы, шаруа қожалықтары, сауда орындары, дәріханалар, өндірістік цехтар, оқу орталықтары, жеке балабақшалар және басқа да қызмет көрсету нысандары бар.

    Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында кәсіпкерлерге қолдау көрсету жалғасуда. Мәселен, биылғы жеті айда «Іскер» бағдарламасы арқылы екі жоба 11,4 миллион теңге көлемінде қаржыландырылды.

    «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы бір жоба 10 миллион теңге көлемінде қолдау тапса, тағы бір жоба қаралу үстінде.

    «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жалпы құны 28,2 миллион теңгені құрайтын төрт жоба қаржыландырылды. Сонымен бірге жалпы құны 56,6 миллион теңгені құрайтын жеті жоба комиссия қарауына ұсынылды. Өзге қаржыландыру көздері арқылы жалпы құны 22 миллион теңгені құрайтын төрт жобаға қолдау көрсетілді.

    Ал «Бастау Бизнес» оқу бағдарламасы аясында ауылдың 28 тұрғыны кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алды. Бұл жұмыстар жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауыл экономикасын дамытуға оң әсерін тигізіп келеді.

    – Цифрландыру бағытында қандай жаңашылдықтар енгізілді?

    – Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі біз үшін маңызды. Сондықтан ауылдық округ әкімдігі ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылды. Мұнда тұрғындар электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алып, қажетті анықтамаларды рәсімдей алады. Сонымен қатар азаматтарға құқықтық және кеңестік көмек көрсетіледі.

    – Қызылжарманың басқа елді мекендерден ерекшелігі неде?

    – Біздің ауылдың басты артықшылығы – Қызылорда қаласына өте жақын орналасуы. Бүгінде ауылда шамамен 15 мың тұрғын тұрады. Елді мекенде екі мемлекеттік мектеп, бір мемлекеттік және төрт жеке балабақша, мәдениет үйі, емхана жұмыс істейді.

    Сонымен қатар 494 кәсіпкер мен 16 шаруа қожалығы түрлі бағытта еңбек етіп, ауыл экономикасының дамуына үлес қосып келеді.

    Қалаға жақын орналасу ауылдың инвестициялық әлеуетін арттырып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

    – Қызылжарма арқылы өтетін каналдардың жағдайы қалай бақылауға алынып отыр?

    – Су арналарының тазалығы мен су айналымын қамтамасыз ету – біздің тұрақты бақылауымыздағы мәселелердің бірі. Ауыл аумағынан өтетін каналдарда тазалық жұмыстары апта сайын жүргізіледі. Сонымен қатар су деңгейі тұрақты бақылауда ұсталады.

    Бүгінде Қызылжарма каналына Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар каналдың өткізу қабілетін арттырып, су айналымының тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

    – Алдағы уақытта Қызылжарманы қандай бағытта дамытуды көздеп отырсыздар?

    – Біздің мақсат – Қызылжарманы тұрғындарға қолайлы, инфрақұрылымы дамыған әрі өмір сүруге жайлы ауылдық округке айналдыру. Алдағы уақытта инженерлік желілерді толық жаңғырту, жолдардың сапасын арттыру, қоғамдық кеңістіктерді көбейту, кәсіпкерлікті қолдау және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғаса береді.

    Ең бастысы – әрбір жобаны тұрғындардың сұранысы мен қажеттілігіне сай жүзеге асыру. Өйткені ауылдың тұрақты дамуы халықтың әл-ауқатының артуымен тікелей байланысты.

    – Сұхбатыңызға рақмет!

    коммуналдық қызмет Қамысқала Қызылжарма ауылы Қызылорда
    Previous ArticleҒалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026

    Павлодар облысында қызылшаға шалдыққандар саны күрт өсті

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.