Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қызылжармада атқарылған ауқымды істер қандай?
    Жаңалықтар

    Қызылжармада атқарылған ауқымды істер қандай?

    SalemnewsSalemnews19.08.202583 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Сыр бойы

    «Қызылжарма» ауылдық округі – қаладағы халық саны жағынан ірі елді мекендердің бірі. Қазіргі таңда ауылда 9 326 адам тұрақты тұрады. Оның ішінде экономикалық белсенді санаттағы тұрғындар саны – 6 455 адам, жұмыссыздық деңгейі өте төмен – 0,3 пайызды құрайды.

    2025 жылдың алты айы ішінде ауылда әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық салаларда бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз алаңында өткен брифингте ауылдық округ әкімі Ш. Абдрахманов мәлімдеді.

    Ауылдық округтің аумағы – 30 232 гектарды қамтиды. Мұнда 2 296 отбасы тұрады, оның ішінде 1 354 адам тұрақты жұмысқа орналасқан, 1 092 адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отыр. Зейнеткерлер саны – 645, жұмыссыздар саны – 23 адам. Әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың саны 36-ны құрайды.

    Ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысып, бірқатар кәсіпкерлік жобаларға қолдау тапты. Мысалы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Жұмыспен қамтудың 2021-2025 жылдарына арналған жол картасы» және «Іскер» бағдарламасы аясында 2 жобаға жалпы құны 9 миллион теңге несие берілген. Сонымен қатар, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ЖШС арқылы тағы бір жобаға 9 миллион теңге бөлініп, қаржыландырылды. Мемлекеттік гранттар бойынша да 10 жаңа жоба жүзеге асырылуда. «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы 14 миллион теңге құрайтын 2 жоба қолдау тапты. Басқа бағдарламалар шеңберінде жалпы 37 миллион теңгені құрайтын 6 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ, ауылда асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған 2 жоба ұсынылуда.

    «Бизнес-Бастау» оқу курсын ауылдық округтен 28 адам аяқтап, сертификат алды. Жалпы, 2025 жылдың 6 айы ішінде ауылда 494 кәсіпкерлік субъект тіркелді, оның ішінде 1 ЖШС, 475 жеке кәсіпкер, 16 шаруа қожалығы және 2 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі бар.

    Ауыл әкімінің айтуынша, шаруа қожалықтарын дамыту мақсатында мемлекеттік бағдарламалар арқылы несиелендіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатыр.

    2025 жылдың бірінші жартыжылдығында ауылдық округтің бюджеті мен салық түсімдері де жоспардан жоғары орындалды. Қаржы қаражаты 125 625,9 мың теңгеге жетіп, 99,9 пайызға игерілді. Ал салық түсімдері жоспарланған 29 414 мың теңгеден асып, 40 951 мың теңгеге жетіп, 139,2 пайызды құрады.

    Әлеуметтік салада да ілгерілеу бар. Жыл басынан бері аз қамтылған, көпбалалы және жалғызілікті 50-ге жуық отбасыға азық-түлік көмек түрінде қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, 98 әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 20 миллион теңгеден астам қаржылай қолдау берілді.

    Инфрақұрылымдық жұмыстар да қарқынды жүргізілуде. «Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде ауылдағы төрт көшеге түнгі жарық бағаналары орнатылды. Елді мекенде абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 4 аялдама салынды. Көшелердің жарықтандыруын, санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге арналған қаржы қаралып, мердігер мекемелер тұрақты жұмыс істейді.

    Жол қатынасы мәселесі де назардан тыс қалмады. Ауылға қарасты автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге 800 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп жатыр. Сонымен қатар, 5 орталық және 7 шағын көшені жөндеуге тендер жарияланып, мердігерлер анықталды.

    Ауылдағы ең маңызды жаңалықтардың бірі – 600 орындық «Жайлы мектептің» салынуы. Бұл білім ошағы жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Қазіргі уақытта ауылда 1200 орындық С.Әлжіков атындағы №144 орта мектеп бар, онда 3 мыңнан астам бала оқиды. Сондықтан жаңа мектептің ашылуы оқушылар санының өсуінен туындаған орын тапшылығын шешеді.

    Сонымен қатар, «Жеңістің 80 жылдығы» мерекесіне орай «Тағзым» алаңы абаттандырылды. Жергілікті бюджет есебінен орталық көшелердің ағымдағы жөндеуі, жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілді.

    Су және электр желілері бойынша да ірі жұмыстар атқарылуда. 3 ауызсу ұңғымасының құрылысын облыстық бюджеттен 282,9 миллион теңгеге мердігер мекеме «Бақ-Береке» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Сонымен қатар, ауыл шеткі және орталық аймақтарындағы 67 көшеге электр желісін тартуға республикалық бюджеттен 350 миллион теңге бөлініп, «Сәт-Сервис» ЖШС электр бағаналарын орнату жұмыстарын жүргізуде.

    Жалпы, «Қызылжарма» ауылдық округі 2025 жылдың алғашқы алты айында әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай ілгерілеу мен жаңашылдықтарға қол жеткізіп отыр. Ауылдың инфрақұрылымын жетілдіру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік көмекті арттыру және білім беру саласында атқарылған шаралар тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған.

    Previous ArticleАқтөбелік азамат көршісін 5 жастағы баласын аман алып қалды
    Next Article Қызылжарма – еңбек пен сенімнің мекені: ауылдың бүгінгі бет-бейнесі
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.