Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстан астанасында Comic Con Astana-2025 фестивалі басталды
    Жаңалықтар

    Қазақстан астанасында Comic Con Astana-2025 фестивалі басталды

    SalemnewsSalemnews09.07.2025164 Mins Read
    Фото: CCA
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Орталық Азияның ең ірі поп-мәдениет шарасына әлемнің түрлі елдерінен келген мыңдаған жанкүйер бас қосады.

    Бүгін Қазақстан астанасында Comic Con Astana-2025 — ТМД мен Орталық Азиядағы ең ірі поп-мәдениет фестивалі басталды. Биылғы іс-шара 9-13 шілде аралығында өтеді және 75 000-нан астам келуші, оның ішінде кем дегенде 10 000 шетелдік турист келеді деп күтілуде.

     Comic Con Astana комикс, кино, ойын және поп-мәдениетті сүйетіндер үшін креативті индустрияның маңызды оқиғасы және Орталық Азиядағы ең ірі және ең танымал гик-фестиваль ретінде танылды.

    Фестивальге өз елімізбен қатар, шет мемлекеттерден де үлкен аудитория келеді. Бұл шара туристік дестинацияны дамытып, Нью-Йорк, Сан-Диего және Дубайдағы Comic Con фестивальдері сияқты ауқымды іс-шаралардың орталығы ретінде Астананың имиджін нығайтады.

     Comic Con Astana-2025 Астана әкімдігі мен «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығының қолдауымен бірден екі ауқымды алаңда өтеді:

      «Барыс Арена» — шоу бағдарламаның орталығы, мұнда халықаралық косплей байқауы өтеді, қолтаңба-сессиялары, Q&A және хэдлайнерлермен кездесулер өтетін басты сахна орналасқан.

      «Астана Арена» — тақырыптық стендтер, брендтелген инсталляциялар, шағын сахна, ойын аймағы және Pop Asia бар үлкен көрме аймағы.

    Фото: CCA

     Биылғы фестивальге бірден үш Голливуд жұлдызы қатысады.

    • Энди Серкис — британдық актер және режиссер, motion capture новаторы («Сақиналар әміршісі», «Маймылдар планетасы», «Жұлдызды соғыстар»,
    • Эсай Моралес – 40 жыл бойы киноға түсіп жүрген Голливуд жұлдызы («Озарк», «Титандар», «Орындалмайтын миссия», «Ла Бамба»).
    • Скотт Эдкинс – актер және жекпе-жек шебері («Неоспоримый» фильмдер сериясы, «Джон Уик 4», «Доктор Стрэндж», «Ип Ман 4»).

    Барлық хэдлайнерлер қолтаңба сессияларын, Q&A сессияларын өткізеді және баспасөз конференцияларына қатысады.

    Фестивальде әлемдік прокат және Netflixжаһандық стримингтік сервисі үшін түсірілген Қазақстан мен Испанияның алғашқы бірлескен туындысы «Перемирие» ((La Tregua) фильмінің тұсаукесері өтеді. Фильм Карлагтың қайғылы оқиғалары туралы баяндайды. Comic Con Astana-ға фильмнің режиссері Мигель Анхель Вивас («Қағаз үй») және продюсері Эмилио А.Пина (Premios Goya) келеді.

     Бағдарламаның дәстүрлі элементі жүлде қоры 15 миллион теңгені құрайтын халықаралық косплей байқауы болады.Қазылар алқасының құрамында Яя Хан (АҚШ), Cinderys (Франция), Ran Hime (Қырғызстан), Frau Haku (Ресей), Ainaven Elf! (Қазақстан), Danik (Қазақстан), Midday of Siberia (Ресей) және т.б. бар.

    Фестивальдің арнайы қонақтары — Marmok, Qewbite, Антон Милс, Johan, Eugene Sagaz, Настя Джексон, Big Gleb, Metal Family авторлары және басқа да жұлдыздар.

    Сондай-ақ, іс-шара барысында «файтинг» жанрындағы Tekken 8 компьютерлік ойынынан TEKKEN World Tour 2025 халықаралық турнирінің ресми кезеңі өтеді. 90-нан астам ойыншы рейтингтік ұпайлар мен 400 000 теңге жүлде қоры үшін жарысады.

    Фото: CCA

    «Comic Con Astana – бұл адамдар, жаңа кездесулер және шығармашылық энергиясы. Жыл сайын фестиваль дамып, бүкіл әлем үшін ашылып жатыр: жаңа аймақтар мен форматтар пайда болуда, әлемдік деңгейдегі жұлдыздар келеді, әртүрлі елдерден қонақтар Астанаға келіп, қауымдастықтың бір бөлігіне айналуда. Біз үшін барлық қонақтардың осы жерденшабыт алып, пікірлес адамдарды тапқаны өтемаңызды.

     Сонымен қатар, фестиваль — кең аудиторияға заманауи жастар мәдениеті туралы айтудыңжәне ата-аналарды балалардың қызығушылықтарымен таныстырудың тәсілі. Бізге бүкіл отбасы болып, үлкендер жастардықолдап келгенде, олардың бәрі осы үлкен шоудың бір бөлігіне айналғанда біз ерекше қуаныштымыз», — деп атап өтті фестивальдің бас продюсері Наталья Абрашкина.

     Фестивальде көптеген тақырыптық аймақтар мен жарқын серіктестік интеграциялар болады, олардың әрқайсысы қонақтарға ерекше тәжірибе береді.

    Visa — креатив пен өзін ерекше көрсеткісі келетіндерді қолдайтын Comic Con 2025 ресми серіктесі. «Біз билет сатып алудан бастап, косплейге қатысуға дейінгі кішкентай қадамдар үлкен мүмкіндіктер мен шабыттандыратын оқиғаларға жол ашатынына сенімдіміз», — деп атап өтті компания өкілдері.

    Фестиваль аясында Freedom Bank және Visa төлем жүйесі қонақтарға тақырыптық фотоаймақтар, эксклюзивті карталар, брендтелген мерч және көптеген жағымды тосынсыйлар дайындады. Сонымен қатар, халықаралық косплей байқауы аясында Freedom Bank және Visa-дан арнайы номинация беріледі.

    Фестивальге I’m жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі оралады. Биыл фестиваль алаңында алғаш рет дәмін татып көруге болатын френч-дог нағыз гастрономиялық жаңалық болмақ. Сондай-ақ, қонақтарды жарқын кадрлар үшін стильді фото аймақ және жағымды тосын сыйлары бар ұтыс ойыны күтеді.

    Perfetti Van Melle аты аңызға айналған Chupa Chups брендін ұсынады. Бренд аймағының қонақтарын жарқын фотосуреттерге арналған Chupa Chups фирмалық стиліндегі керемет инсталляциялар, сонымен қатар барлығына бақыт пен балалық шақтың дәмін еске салатын тосынсыйлар мен сыйлықтар күтеді.

    Comic Con Astana-2025 Астана
    Previous ArticleПрезидент су шаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттады
    Next Article «Қабырғалар құлаудың алдында тұр»: депутат ауылдағы құрылысы тоқтаған үйлерді сынады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.