Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Қабырғалар құлаудың алдында тұр»: депутат ауылдағы құрылысы тоқтаған үйлерді сынады
    Жаңалықтар

    «Қабырғалар құлаудың алдында тұр»: депутат ауылдағы құрылысы тоқтаған үйлерді сынады

    SalemnewsSalemnews09.07.2025121 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: скриншот

    ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылындағы құрылысы тоқтап тұрған үйлердің қауіпті екенін айтып, түбегейлі шешімін табуға септігін тигізетінін жеткізді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Аққыстау ауылына сапарым барысында құрылысы тоқтап қалған үш қабатты, 60 пәтерлік 3 тұрғын үй нысанын аралап көрдім.

    Бұл үйлердің құрылысы 2019 жылы басталғанымен, қабырғаларында пайда болған жарықтарға байланысты апаттық деп танылып, әкімдік тарапынан құрылыс жұмыстары тоқтатылған екен.

    Қазіргі уақытта бұл үйлерге 2,3 млрд теңге қаражат жұмсалған екен. Дегенмен, ғимараттардың тек қаңқасы ғана тұрғызылып, ішкі әрлеу, инженерлік жүйелер мен абаттандыру жұмыстары мүлде жүргізілмеген.

    Кездесу барысында тұрғындар мен жергілікті әкімдік өкілдері бұл нысандардың аяқталуы — баспана кезегінде тұрған азаматтар үшін аса маңызды екенін жеткізді.

    Мен бұл мәселені тиісті жауапты органдарымен бірлесе қарап, шешу жолдарын қарастыратынымды айттым. 

    Сонымен қатар, “ҚазҚСҒЗИ” АҚ-тан (Қазақ Құрылыс және Сәулет ғылыми-зерттеу институты) арнайы мамандар шақырып, тұрғын үй кешені бойынша нақты шешім қабылдау қажет екенін атап өттім.

    Құрылысы тоқтап тұрған бұл үйлер — тек Аққыстау тұрғындарының ғана емес, жалпы өңірлік дамудың өзекті мәселесі ретінде қаралуы тиіс деп есептеймін, — дейді депутат Ерболат Саурықов.

    Атырау облысы аяқталмаған тұрғын үй
    Previous ArticleҚазақстан астанасында Comic Con Astana-2025 фестивалі басталды
    Next Article Футболшы Рамазан Оразов «Елімай» командасына ауысты
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.