Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»«Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековке қатысты қуанышты хабар тарады
    Жаңалықтар

    «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековке қатысты қуанышты хабар тарады

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова01.06.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі. Суретте: Темірлан Анарбеков


    Танымал FlashScore статистикалық порталы «Қайрат» пен Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбековті 2025/2026 жылғы Чемпиондар лигасы маусымының үздік ойыншылар құрамына енгізді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Портал жасаған символикалық құрамда «Бавария», «Пари Сен-Жермен», мадридтік «Реал» және «Барселона» секілді еуропалық алып клубтардың жұлдыздары бар. Олардың қатарында Харри Кейн, Килиан Мбаппе, Ламин Ямаль және Хвича Кварацхелия сияқты футболшылармен бірге қазақстандық қақпашының да аталуы жанкүйерлер назарын аударды.

    FlashScore сарапшылары Анарбековтің жоғары рейтинг алуын оның Чемпиондар лигасындағы сенімді ойынымен байланыстырды. Порталдың жазуынша, «Қайрат» турнирдің жалпы кезеңінде соңғы орын алғанымен, қарсыластар тарапынан қақпаға көп соққы бағытталуы қазақстандық қақпашының шеберлігін көрсетуіне мүмкіндік берген.

    «Анарбеков ең жоғары рейтинг алған қақпашы болады деп кім ойлаған? “Қайрат” топтық кезеңде соңғы орын иеленді, бірақ команданың әлсіздігі және қақпаға көп соққы жасалуы оның өзін көрсетуіне әсер еткен болуы мүмкін», – деп жазды портал.

    Статистикаға сүйенсек, Темірлан Анарбеков турнирде 34 сейв жасаған. Бұл көрсеткіш бойынша одан көп соққы қайтарған сегіз қақпашы ғана бар. Сонымен қатар ол соққылардың 72,3 пайызын қайтарып, 4,39 голдың алдын алған. FlashScore бұл деректер қақпашының «Қайрат» үшін қаншалықты маңызды болғанын дәлелдейтінін атап өтті.

    Анарбековтің жалпы кезеңдегі алты матч бойынша орташа рейтингі 7,7 балл болды. Салыстыру үшін, финалға дейін жеткен «Арсенал» қақпашысы Давид Райяның орташа бағасы 7,4 балл болса, мадридтік «Реал» қақпашысы Тибо Куртуаның көрсеткіші 7,5 балл болған.

    Айта кетейік, Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы екі кездесуде – «Спортинг» және «Реалға» қарсы матчтарда «Қайратқа» көмектесе алмады. Кейін ол қалған алты ойында негізгі құрамда алаңға шықты.

    Грекиялық «Олимпиакосқа» қарсы Алматыдағы матчтан кейін қазақстандық қақпашы УЕФА тарапынан «Матчтің үздік ойыншысы» атанды. Осылайша ол Чемпиондар лигасында мұндай марапат алған алғашқы қазақстандық футболшы ретінде тарихқа енді.

    Анарбековтің әсерлі ойыны оның ел ішіндегі танымалдығын да арттырды. Қазіргі уақытта қақпашының әлеуметтік желідегі оқырмандарының саны 237 мыңға жеткен.

    Еске сала кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алған Қазақстандағы екінші клуб болды. Алматы командасы турнирде сегіз ойын өткізіп, жеті рет жеңіліп, бір кездесуде тең түсті.

    Жалпы кезең қорытындысында «Қайрат» турнир кестесінде соңғы орынға тұрақтады. Дегенмен Темірлан Анарбеков жеке статистикасы бойынша ерекше көзге түсіп, соққы қайтару көрсеткіші жөнінен Чемпиондар лигасының үздік үш қақпашысының қатарына енді.

    Previous Article«Қала халқы толықтай сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген»: «Қызылорда су жүйесі» директоры Жасұлан Абатов
    Next Article Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ойындар кестесі белгілі болды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.