Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қуығымнан үнемі ұрды: Ақтөбедегі әскери бөлімде сержанттар соққыға жыққан Ұлттық ұланның сарбазы ауруханаға түсті
    Жаңалықтар

    Қуығымнан үнемі ұрды: Ақтөбедегі әскери бөлімде сержанттар соққыға жыққан Ұлттық ұланның сарбазы ауруханаға түсті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова06.09.2026202 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    фото: видеодан скриншот

    Ақтөбедегі әскери бөлімде сержанттар соққыға жыққан Ұлттық ұланның сарбазы ауруханаға түсті деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі muztaumedia-ға сілтеме жасап.


    Бұған дейін сарбаздың анасы Гүлдана Кетібаева ұлы Еркебұланның 3 шілдеден бастап Ақтөбедегі №6655 әскери бөлімінде қызмет атқарып жүргенін айтқан. Оның сөзінше, 4 қыркүйекте ауруханадан қоңырау түсіп, баласының үш күннен бері медициналық мекемеде жатқанын білген.

    Алғашында жас сарбазды уролог қараған. Талдау нәтижесінде инфекция анықталмаған. Кейін дәрігерлер травматолог шақырған. Анасының айтуынша, маман қуықтағы мәселелердің денеге түскен жарақатпен байланысты болуы мүмкін екенін айтқан.

    Осыдан кейін сарбаз анасына әскери бөлімде өзін бірнеше рет ұрып-соққанын жеткізген. Травматолог полиция шақырып, жас жігіт құқық қорғау органдарына арыз жазған. Кейін анасы ұлымен бейнебайланыс арқылы сөйлескен кезде, сарбаз өзін аға сержант атанған үш еркектің тұрақты түрде ұрғанын айтқан.

    Анасы мен ұлының диалогы: 

    — Еркебұлан, сені кім ұрып жұр? Маған сені ұрған адамның атын толық айт?

    — Кейін жазып жіберейін…

    — Жоқ, қазір айт маған… Кім ұрды сені, жасырмай айт..

    — Палатаға бірінші шығып кетейін..

    — Маған сені ұрған адамның аты-жөнін толық айт, қазір айт, мен бәрібір қоймаймын

    — Айтып жатырмын ғой. Аға сержан Ерболат Зуадинов, аға сержант Жанғалиев Роман, аға сержант Руслан …

    — Үнемі ұрды ма?

    — Келгелі басталды ғой..

    — Ер адамның орасындағы заттан ұрды ма? Қуығыңнан қашан ұрды?

    — Постоянно. Бастан, іштен сол

    — Үшеуі де ұрды ма?

    — Иә

    — Ауруханадан шықпа, мен бара жатырмын.

    Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының мәліметінше, аталған әскери бөлімде мерзімді әскери қызмет атқарып жүрген сарбазға қатысты жағдай бойынша тергеу басталған. Істі Ішкі істер министрлігі Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімі қарап жатыр.

    «Тергеу органдары болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Жан-жақты әрі объективті тексеру нәтижесінде оқиғаға құқықтық баға беріледі», – делінген ведомство хабарламасында.

    Қазір Еркебұлан Досымбет ауруханада жатыр. Анасы жақын туыстарымен бірге Ақтөбеге шұғыл жолға шығуды жоспарлап отыр.

    Ал әскери бөлім өкілдері сарбаздың №6655 әскери бөлімінде қызмет етіп жүргенін және қазіргі уақытта ауруханада жатқанын растады.

    Previous ArticleАлматыда дәрігерлер салмағы 740 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды
    Next Article Батыс Қазақстанда 36 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Түркітілдес журналистер қорына 12 жыл: кәсіби даму мен халықаралық ынтымақтастық

    13.11.2026

    Қазақстанда доллар бір күнде 4 теңгеге арзандады

    07.11.2026

    Қызылорда қаласында сенбілік өтті

    07.11.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 674 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 647 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.