Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Батыс Қазақстанда 36 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
    Жаңалықтар

    Батыс Қазақстанда 36 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова08.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    polisia.kz

    Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жалпы құны 14 млн теңгеден астам 36 бас жылқыны ұрлауға қатысы бар 48 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Қаратөбе және Сырым аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлерімен бірлесіп, ауқымды жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

    Нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар күдікті ұсталды. Тергеу барысында күдіктінің еркін жайылымда жүрген жылқыларды айдап, өз ауласына қамап, кейін жүк көліктеріне тиеп, еліміздің оңтүстік өңірлеріне жөнелтіп отырғаны анықталды.

    Қазіргі уақытта полиция күдіктінің жалпы құны 14 млн теңгеден асатын 36 бас жылқыны ұрлауға қатысы бар екенін анықтады.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Заңнамаға сәйкес, мал ұрлығы үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза көзделген.

    Полиция азаматтарға малдарын қараусыз қалдырмауды, оларды міндетті түрде таңбалап, GPS-трекер орнатуды ұсынады. Бұл шаралар мал ұрлығының алдын алуға және жоғалған немесе ұрланған малды жедел анықтауға мүмкіндік береді.

    Previous ArticleҚуығымнан үнемі ұрды: Ақтөбедегі әскери бөлімде сержанттар соққыға жыққан Ұлттық ұланның сарбазы ауруханаға түсті
    Next Article Астанада 9 жастағы бала мысықты 14-қабаттан лақтырып жіберген
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.