Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қоғам дамуы – қала келешегінің кепілі
    Жаңалықтар

    Қоғам дамуы – қала келешегінің кепілі

    SalemnewsSalemnews30.11.202589 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Көпшілік көзіне көріне бермейтін, бірақ ішкі саяси, діни ахуалдың тұрақтылығы, отбасы, жастар тәрбиесі сынды қоғамның өзге де маңызды салаларының жұмысын жүйелі жүргізуде қоғамдық даму бөлімінің атқаратын үлесі зор.  Бұл – бөлімнің негізгі міндеті саналады. Сондықтан сала мамандары  қоғам идеологиясын қалыптастыруда жыл он екі ай үздіксіз жұмыс істеп келеді.

    Әлеуметтік жобалар – қоғам дертіне қарсы күрес

    Бүгінде Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімі алты жүзден астам үкіметтік емес ұйым,  300-ге жуық қоғамдық бірлестікпен, 175 қоғамдық қормен, 26 ассоциациямен, 191 филиалмен бірлесе жұмыс атқарады. Аталған бағытта жыл бойы түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Оның ішінде кездесу кештері өтіп, спорттық, мәдени шаралар, дөңгелек үстел, дін өкілдерімен  үгіт-насихат жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді. Мәселен, биыл қалалық қоғамдық даму бөлімі жеті әлеуметтік жобаны жүзеге асырған. Жоба аясында діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, қазіргі қоғамның дертіне айналған алаяқтық мәселесі, отбасы құндылығын дәріптеу, жастар тәрбиесіне басымдық берілген. Атап айтқанда, облыстық мүмкіндігі шектеулі спортшылардың

    «Жігер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға бағытталған насихаттық шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасымен мешіт жамағаттары мен қызметкерлері арасында кіші футболдан «Теңбіл доп» ойыны өткізілген. Сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу жайлы түсіндіру мақсатында жұмыссыздықпен тіркелген азаматтармен, базарларда және түрлі қызмет көрсету орнында өзін-өзі жұмыспен қамтушылармен, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттерімен түсіндірме жұмысы жүргізілген. Бұл қатарда сотталғандармен және олардың жақын туыстарымен, қандастармен, әлеуметтік осал топтармен, вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтармен, еңбек мигранттарымен, оқушылардың ата-анасымен, спортшылармен, мәдениет саласы қызметкерлерімен және мәдениет үйірмесі мен кітапханаға келушілермен жасалған жұмыс та бар. Оған қоса құрылысшылар, кент, ауылдық округ тұрғындары, ауыл шаруашылығы вете­ринария, жер қатынастары саласы мамандарын, ардагерлер үйіндегі ем алушылар, денсаулық сақтау мекеме ұжымдары назарда. Жалпы, бұл мақсатта үш мыңнан астам адамға түсіндірме жүргізілген.

    Осы орайда қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жағыпар Тәжмаханов діни экстремизм мен терроризмге қарсы насихат жұмысын жүргізуде әлеуметтік желіні тиімді пайдалану мақсатында жеті парақша ашылып, мың жарымнан астам материал жарияланғанын, 4 бейнеролик 50-ден астам пост әзірленіп, әлеуметтік желіге жүктелгенін айтады. Бұдан бөлек «Қала көленміндегі экстремизм мен терроризмнің алдын-алуға бағытталған насихаттық шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы да қолға алынған.

    Тағы бір әлеуметтік «Руханият керуені» жобасы бойынша  20, жеке адрестік,  профилактикалық 90 кездесу өткізілген. Жобаға Дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының Асхат Ерубай, Олжас Нарымбетов, Бақберген Сәрсенбайұлы сынды теолог мамандары қатысып, түсіндірме жұмысын жүргізген. Тағы бір әлеуметтік жоба аясында отызхдан астам имам мешіттерде түсчіндірме жұмысын жүргізген болса, республикалық ақпараттық-насихаттық топтың (РАНТ) мүшесі, дін саласының білікті маманы, ұстаз Нұрсұлтан Мамедәлиев Қызылорда қаласына іс-сапар барысында пробация есебінде тұрған азаматтармен, білім беру саласының мамандарымен және әлеуметтік осал топтағы азаматтармен кездесіп, насихат жүргізіп, олардың діни сауаттылығын шыңдауына сеп болған.

    Дін мәселесіне сала мамандарынан бөлек мектеп мұғалімдері де өз үлестерін қосуда. Мәселен, зайырлылық және дінтану пәнінің мұғалімдері және қаладағы білім ошақтарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қала жастары мен жастар ұйымының жетекшілері, Белкөл кентінің тұрғындары, АТТ мүшелері және дін саласының қызметкерлері, осал топтар және мектеп оқушыларымен «Рухани-адамгершілік құндылықтарды наисхаттау», «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Дәстүрлі діндердің рухани құқндылықтарын түсіндіру» тақырыбында кездесу өткізіп, жастар тәрбиесіне атсалысып келеді. 

    Сонымен қатар «Интернет ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты ұйымдастыру, қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу» әлеуметтік жобасымен ақпараттық-имидждік, тәрбиелік-танымдық бағытта мақалалар әзірленіп, жасөспірімдер арасындағы бұзақылықтың, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын-алу тақырыбында бейнематериал жарияланып келеді.

    Сыбайлас жемқорлықпен күрес күн тәртібіндегі мәселе

    Ал, бүгінгі қоғам дертіне айналған жемқорлық мәселесіне қатысты «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған түсіндерме жұмысын, адам саудасы мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы да сәтті жүзеге асқан. Бұл жоба бойынша қалаға қарасты барлық кент, ауылдық округ тұрғындары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, алаяқтық туралы ақпараттандырылып, сондай-ақ оларға құқықтық сауаттылық аясында кеңес берілген.

    Сонымен қатар қаланың орталық көшелеріне сыбайлас жемқорлықтиың алдын алу тақырыбында көрнекі ақпараттар ілініп, халық көп шоғырланатын орындарда кітапшалар таратылған. Сыбайлас жемқорлық тақырыбында «Үздік бейнеролик» байқауы өткізіліп, қоғам дертіне қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында футбол, волейбол, шахмат және үстел теннисі сынды спорт түрінен турнир өткізілген. Жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттері арасында «Брейнринг» интеллектуалды ойыны өткізіліп,  «Сыбайлас жемқорлық және алаяқтық – қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылған.

    Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күрес күн тәртібіндегі маңызды мәселе болғандықтан оған қарсы іс-шаралар республика көлемінде өткізіліп жүр. Мұндай шаралар тек қарапайым халық арасында не оқу орындарында ғана емес, мемлекеттік қызмет саласында жүрген азаматтарға да өткізілуде. Бұл ретте «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын, адам саудасы мен құқықбұзушылықтың алодын алуға бағытталған шараларды ұйымдастыру» жобасы қолға алынып, қызметкерлер арасында тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, алаяқтық пен құқықтық сауаттылықты арттыру туралы кеңес беріліп, сауалнама жүргізілген.

    Ұрпақ тәрбиесінде құндылықтар ұлықталуы тиіс

    Қоғам идеологиясын түзеу алдымен бала тәрбиесі, жастар тағылымы отбасы құндылығынан бастау алады. Бұл ретте өскелең ұрпаққа отбасы ұғымын ұқтыру, қадір-қасиетін дәріптеу, адами басты құндылықтарды бойға сіңіру мәселесі тұр. Отанның отбасынан басталатынын ұғынған ұрпақ келешекте бұл егіз ұғымды жадынан шығармауы тиіс-ақ. Осы орайда қалалық қоғамдық даму бөлімімен тәрбие тағылымы ретінде отбасы құндылықтарын насихаттауда дәстүрлі түрде жүзеге асырылып жүрген жобалар баршылық. Соның бірі – «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы. Байқауға қаланың дамуына өзіндік үлесін қосқан, өсіп-өнген, өзгеге үлгі боларлық ісі бар отбасылардың бақ сынасатыны белгілі.

    Бұл жолғы байқауға да өмірі өнегемен өрілген отбасылар қатысып, шын үздіктер оза шапқан. Жыл сайын өтетін салтанатты шараның қалалық кезеңінің қорытындысы Отбасы орталығында өткізіліп, отбасы болудың мән-маңызы айшықтала түскен. Шара барысында жеңімпаз отбасыларға қала әкімінің дипломы табысталды. Ал Отбасы күніне орай «Анаға тағзым» орталығында «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты тағылымды кездесу өтті. Кездесуге «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы қалалық кезеңінің ІІ орын жекңімпазы Мыңжасаровтар отбасы мен ұстаздар әулеті атанған, отбасылық өмірде жарты ғасырлық тарихы бар «Алтын той» иелері Мырзабаевтар отбасы, денсаулық саласының ардагері, дәрігер Жақсылық Сәрсенбайұлы мен оның жары, «Жаңа серпіліс» қоғамдық қорының төрайымы Сапура Сәрсенбаева келіп,  отбасы берекесі, ондағы әке мен ана рөлі, бала тәрбиесі жайында толымды тәрбиелік мәні бар өсиеттерімен бөліскен.

    Қызылорда қаласы өзге қалаларға тек экономикалық дамуы мен таза, жайлы қала болуымен де үлгі болып келеді. Әсіресе, қала тазалығын сақтауға баса көңіл бөлінетіні баршаға белгілі. Бүгінде қаланы көркейту ісі – әр үйдің есік алдын көгалдандырудан басталатыны жиі насихатталып келеді. Соның нәтижесінде бұл сөз қалыпты әдетке де айналып келеді. Осы ретте өңірде өткізілетін «Үздік аула» әлеуметтік жобасының да тұрғындарды көркейту-көгалдандыру ісіне ынтасын арттыруда десек артық болмас. Аталған байқаудың жеңімпаздарына сыйға былтыр балалар алаңы тарту етілген. Солай жеңімпаз тұрғындар қаншама баланың қуанышына себепкер  болған. Бұл үрдіс өзге де тұрғындардың ынтасын ашты деуге болады. Байқау биылда жалғасын тапты. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі шарасы қарсаңында «Үздік аула» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл жолы жеңімпаздарға ақшалай сый-сияпат табыс етілді.

    Жастар саясаты жүйелі жұмысты қажет етеді

    Соңғы статистикалық мәлімет бойынша, өңірде қала халқының 28,5 процентін жастар құрайды екен. Олардың қоғамда өз орнын табуы, жұмыспен қамтылуы, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуы мемлекеттік жастар саясаты аясында жүйелі жүргізіліп келеді. Мемлекеттік жастар саясатының қала бойынша мақсатты жүзеге асырылуы қалалық қоғамдық даму бөлімінің негізгі міндетінің бірі. 

    Қызылорда қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жағыпар Айтбайұлының айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік жастар саясаты бойынша сегіз әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде «Жұмысшы мамандықтарды насихаттау», «Ауыл жастарына қолдау көрсету және әлеуметтендіруді жүзеге асыру», «Жастар орталығы, жастар үшін мүмкіндік алаңы», «Жастар арасында патриоттық сананы қалыптастыру және от­басы құндылықтарын насихаттау», «NEET санатындағы және қылмысқа бейім жастарды әлеуметтендіру», «Волонтерлік және қоғамға пайдалы жастар», «Qyzylorda youth Fest» жастар күнін атап өтуге бағытталған мәдени көпшілік іс-шаралар», «Qosyl Premya жылдың қорытынды кеші» әлеуметтік қызметін ерекше атап өтуге болады.

    – Қала жастарына «Qosyl» деген атпен танымал болған жастар ресурстық орталығының қызметін биыл 3 мыңға жуық жас пайдаланған екен. Орталықта жастардың сұранысына сай WI-FI желісі, коворкинг орталығы, спортық үйірме, креатив фото-видео студиясы, би залы, жастар ұйымдары кабинеті қызмет көрсетеді. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қала әкімдігі жанынан құрылған жедел топ, ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен 10-нан аса түнгі рейд жұмыстарын жүргізді. Жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуін ұйымдастыру мақсатында «Qosyl Ақпарат» ақысыз жобасы жүзеге асырылуда.  «Жастар орталығы, жастар үшін мүмкіндік алаңы» әлеуметтік қызметі бойынша ұлттық спорт күніне орай қалаға қарасты ауылдық округ және кент жастары арасында асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, садақ ату, бес тас және аударыспақ ойынынан сайыс өткізілді. Сондай-ақ, жас мамандардың біліктілігін арттыруға да жете мән берілуде. Осы мақсатта өткізілген «Жастар маман­дарын оқыту» семинар-тренингінде барлық бдеңгейдегі жастар орталығының мамандары және қалаға қарасты ауылдық округтер мен кенттегі жас мамандар тартылды. Бірінші кезекте шара «Жастар сұранысын табу, бастамашыл топтарға ресурстар ұсыну», «NEET санатты жастармен жұмыс істеудің түрлі тәсілдері мен әдістемелерімен танысу» модульдері негізінде өткізілді, – дейді бөлім басшысы.

    Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатындағы әлеуметтік жобалар қатарына биыл «NEET санатындағы және қылмысқа бейім жастарды әлеуметтендіру» қызметі жаңа жобасы қосылған. Соның аясында қаладағы жұмыссыз жастарды қамтып, түрлі жұмыс орындарына экскурсия, оқыту мен тренингтер, жастарды жұмыспен қамтудағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек «Мансап» орта­лығымен бірлесіп 7 мәрте  «Мүмкін­діктер алаңы» бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, NEET санаттағы, яғни жұмыссыз азаматтар шақырылған. 

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы маман­дықтары» жылы деп жариялағаны белгілі. Бұл қоғамда еңбек адамдарының мәртебесін арттыру, кәсіптік мамандықтарды игеруді кеңінен насихаттау мақсатында қолға алынған еді. Осы орайда бөлім тарапынан кәсіптік және техникалық мамандықта оқитын тігіншілер, аспаз­шылар, дәнекерлеушілер, тас қалаушы­лар, электриктер арасында байқаулар  ұйымдастырылған. Сонымен бірге, «Ауыл жас­тарына қолдау көрсету және  әлеуметтендіру», «Жастар арасында патриоттық сананы қалыптастыру және отбасы құндылықтарын насихаттау», «Волонтерлік және қоғамға пайдалы жастар» сынды жобалар да жүзеге асырылған.

    Осы ретте қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жағыпар Тәжмаханов, қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның да жүйелі жұмыс істеп жатқандығын  ерекше атап өтті. Оның айтуынша, NEET санатындағы және маргинал жастармен жұмыс істеу жөніндегі жұмысшы топ отырысы қала әкімдігінде өткізіліп, «NEET санатты және маргинал жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстар», «Пробациялық есептегі жастармен жүргізілген жұмыстар туралы», «Қосшыңырау ауылдық округіндегі NEET санатындағы және маргинал жастармен атқарылған жұмыстар» жайлы мәселе  қара­лып, тиісті тапсырма берілген.

             – Қала әкімінің қаулысымен қала әкім­дігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнін­дегі кеңестің құрамы бекітіліп, отырыста әлеу­меттік жобалар бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, келер жылға жос­парланған әлеуметтік жобалар туралы, қалалық жастар ресурстық орталығының үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе ат­қарған жұмысы туралы, қалаға қарасты кенттер мен ауылдық округтердегі үкіметтік емес ұйымдар секторын дамыту және олар бойынша атқарылған жұмыс туралы мәселе қаралып, жүйелі түрде хаттамалық тапсырма беріліп отырады, – дейді бөлім басшысы.
    Қоғамдық даму бөлімімен атқарылған шаралар мұнымен шектелмейді. Биыл Қызылорда қаласының астана болғаны­на 100 жыл толды. Бұл ауқымы кең шараны өткізуде бөлімге аса зор жауапкершілік жүктелген. Десе де мерейтой қала көлемінде жоғары деңгейінде аталып өтті. Қала орталығында өткізілген ауқымды шаралардан бөлек, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тарихшылардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

    Шара барысында қала тарихы туралы бұрын-соңды айтылмаған тың ақпараттар қамтылып, тарих беті жаңа мәліметтермен толысты. Сонымен қатар мерейтой аясында шаһар тарихынан сыр шертетін материалдар «Қазақ атауы қайтарылған күн», «Тарихы терең Қызылорда» тақы­рыптарында жергілікті теле­арналардан көрсетіліп, газеттер мен ақпа­раттық сайт­тарда мақалалар, әлеуметтік желілерде танымдық посттар жарияланып, осылайша Сыр елінің тарихы кеңінен насихатталды.

    Айдан Сейіл

    Қызылорда
    Previous ArticleАлматыда Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған поэзия кеші өтті
    Next Article Кремний алқабына бір қадам: Қызылордадағы жаңа толқын
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.