Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Қазақстандық оқушылар Қытайдағы математикалық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды
    Жаңалықтар

    Қазақстандық оқушылар Қытайдағы математикалық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова21.07.202602 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: Оқу-ағарту министрлігі


    13-21 шілде аралығында Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында 67-ші Халықаралық математикалық олимпиада (International Mathematical Olympiad, IMO) өтті, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Әлемдегі ең беделді әрі ең көне зияткерлік білім жарыстарының біріне 117 мемлекеттен 700-ге жуық дарынды оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

    Күміс медаль иегерлері:

    Тимур Мұрат — Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
    Әли Еркебұланұлы — Алматы қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
    Батырхан Бейганов — Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы.
    Қола медаль иегерлері:

    Ерасыл Алтынбек — Алматы қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
    Марғұлан Шарел — Астана қаласындағы Spectrum халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
    Амирлан Аманжолов — Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.
    Құрама жетекшілері:

    Асылбек Әбдіәшімұлы Исахов — Қазақстан-Америка еркін университетінің президенті;
    Қанат Қайратұлы Сатылханов — халықаралық және республикалық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері.
    Халықаралық математикалық олимпиада 1959 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлемдегі ең беделді әрі ең көне пәндік олимпиадалардың бірі. Қазақстан бұл білім додасына 1992 жылдан бері тұрақты қатысып келеді.

    Осы уақыт ішінде ұлттық құрама олимпиадаға 34 рет қатысып, 16 алтын, 54 күміс және 86 қола медаль, сондай-ақ 30 Құрмет грамотасын иеленді. Бұл қазақстандық оқушылардың жоғары дайындық деңгейін, педагогтердің жүйелі еңбегін және Қазақстанның халықаралық олимпиадалық қозғалыстағы берік орнын тағы бір мәрте айқын көрсетті.

    Previous ArticleТеміржолшы Досымжан Ерланов Эльбрус шыңында Қазақстан туын желбіретті
    Next Article Оралда Ұлттық ұланның болашақ офицерлері өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.