Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Теміржолшы Досымжан Ерланов Эльбрус шыңында Қазақстан туын желбіретті
    Жаңалықтар

    Теміржолшы Досымжан Ерланов Эльбрус шыңында Қазақстан туын желбіретті

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова21.07.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ҚТЖ


    Теміржол көлігі қызметкерлері күні қарсаңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Алматы белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі Досымжан Ерланов Еуропаның ең биік шыңы – Эльбрусқа көтеріліп, Қазақстан Республикасы мен ҚТЖ туларын желбіретті, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Ол өзінің шыңды бағындыруын Тәуелсіздіктің 35 жылдығына және теміржолға арнады.

    Досымжан Ерланов ҚТЖ-да 2022 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол өзін жауапты маман және Компанияның қоғамдық өміріне белсенді қатысушы ретінде көрсетті.    

    «Мен үшін теміржол – бұл жай ғана мамандық емес, үнемі дамып, жаңа мақсаттарға жету мүмкіндігі. Өндірістегі жұмыс пен қоғамдық қызмет маған жақсырақ болуға және адамдарға пайда әкелуге көмектеседі», – дейді Досымжан Ерланов.

    Досымжан – «ҚТЖ-ның 100 жас есімі» жобасының қатысушысы, Компания жастар кадрлық резервінің мүшесі және корпоративтік волонтер. Ол «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспектор» атағына ие болды және «Өндірістің үздік жас қызметкері» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпазы атанды.

    Спорт оның өмірінде маңызды орын алады. Ол 2024 жылғы скандинавиялық серуендеуден әлем кубогының иегері, ҚТЖ марафондарының жүлдегері, Іле Алатауының 15 шыңын бағындырған алғашқы теміржолшы, UNICEF ресми еріктісі және «Елбасы медалі» жобасы күміс медалінің иегері.

    Previous ArticleТерезеден құрылыс қалдықтарын лақтырған тұрғынға айыппұл салынды
    Next Article Қазақстандық оқушылар Қытайдағы математикалық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.