Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жоламан Биғабыл: Дұрыс әдіс-тәсілдің арқасында жеңіске жеттім
    Жаңалықтар

    Жоламан Биғабыл: Дұрыс әдіс-тәсілдің арқасында жеңіске жеттім

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова20.09.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    ҰОК

    Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Спортшы өзінің мансабында алғаш рет Азия ойындарының алтын медалін иеленді. Жарыстан кейін отандасымыз финалдық жекпе-жек жайлы айтып, алдағы мақсатымен бөлісті.

    «Еңбегімнің ақталып, жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын.

    Жалпы, жекпе-жектердің бәрі оңай болған жоқ. Финалда аға жаттықтырушылар мен бас бапкердің берген тапсырмасын орындап, жоспар бойынша жұмыс істедім. Бәрі ойдағыдай өтті.

    Қобалжу кез келген жарыста болады. Бұл жолы да бапкерлер жігерлендіріп, қолдау көрсетті. Өзім де барынша уайымдамауға тырыстым. Жаттығуда пысықтаған тәсілдерімді жарыста көрсетуім керек болды. Соның бәрін орындай алдым.

    Финалдағы Өзбекстан спортшысымен бұған дейін кездеспегенбіз. Ол арақашықтықты жақсы сақтап, қорғана білді. Дегенмен дұрыс әдіс-тәсілдің арқасында жеңіске жете алдым.

    Бұл – тек бастамасы деп ойлаймын. Алда жабық ғимараттарда өтетін Азия ойындары бар. Сонымен қатар әлем чемпионаты күтіп тұр. Ал каратэ Олимпиада бағдарламасына қайта енсе, сол шыңды да бағындыруға бар күшімізді саламыз», — деді каратэші.

    Previous ArticleАлматыдағы көпқабатты үйден өрт шықты
    Next Article Екібастұзда жол апатынан бала көз жұмды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.