Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жетісуда 492 мұғалімге 72 млн теңге берешек төленді
    Жаңалықтар

    Жетісуда 492 мұғалімге 72 млн теңге берешек төленді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова30.03.202671 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    Жетісу облысында прокурорлық қадағалау актісі бойынша 492 педагогке 72 млн теңге берешек төленді, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Панфилов ауданының прокуратурасы жүргізген талдау барысында аудандық білім бөлімі тарапынан мұғалімдердің іссапар шығындары бойынша 72 млн теңге сомасында берешекке жол берілгені анықталды.

    Өтемақылардың уақтылы төленуі азаматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етудің міндетті шарты екенін ескере отырып, аудан прокуратурасымен уәкілетті органның атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

    Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде аталған берешек толықтай өтелді. 492 педагог тиісті төлемдерін толық көлемде алды.

    Білім беру саласы қызметкерлерінің құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыты болып қала береді. Жетісу облысының прокуратурасы жұмысшылар алдындағы барлық әлеуметтік кепілдіктердің уақтылы орындалуы бөлігінде еңбек заңнамасы нормаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

    Previous ArticleПетропавлда тұрғын үйлердің жертөлесін су басты
    Next Article Жамбыл облысында жол ережесін бұзған той кортежі ұсталды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда кәсіпкер грант ретінде бөлінген 297 миллион теңгені жымқырып, лизингке көліктер алған

    20.11.2026

    Қазақстанда учаскелік дәрігерлер мен психологтардың жалақасы қаншалықты өседі

    20.11.2026

    Енді қазақстандық салық төлеушілерге алдағы төлемдер туралы автоматты түрде хабарлама келеді

    20.11.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 675 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 647 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.