Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жазғы Универсиада: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті
    Жаңалықтар

    Жазғы Универсиада: Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті

    SalemnewsSalemnews24.07.202521 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: ҰОК

    ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада таеквондодан Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Дүниежүзілік додада дзюдодан қола үшін белдесуде Аман Бақытжан (60 келі) сынға түсіп, грузиялық балуан Лука Модебадзені жеңді.

    Сондай-ақ Нұрқанат Серікбаев (66 келі) украиналық Микита Холобородконы қапы қалдырып, үздік үштіктен көрінді. 

    Ал еліміздің таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері болды. Құрама сапында Бейбарыс Қабылан, Самирхон Абабакиров, Айдана Сүндетбай және Назым Махмудова сынға түсті.

    Қазірге дейін ел құрамасынан таэквондошы Самирхон Абабакиров алтын алса, Дамир Шүленов, Тамирлан Тілеулес, Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Каблан және Нодира Ахмедова қола жүлдегер атанды. Оған қоса көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы үздік үштіктен көрінді.

    Байрақты бәсекеде ел намысын 12 спорт түрі бойынша 76 спортшы қорғайды.

    Дүниежүзілік дода 16-27 шілде аралығында Германияның Рейн-Рур өңірінде өтеді.

    Айта кетейік, 2023 жылы Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасы 2 алтын, 7 күміс, 11 қола медаль жеңіп алды. Ең жоғары нәтиже 2013 жылы Қазан қаласында өткен Универсиадада тіркелді. Мұнда спортшылар 30 медаль еншілеген болатын.

    Жазғы универсиада медаль спорт
    Previous ArticleТөрт күндік жұмыс аптасы қызметкерлерге де, компанияға да тиімді – халықаралық зерттеу нәтижесі
    Next Article Алматыда жасөспірімнің қалтасындағы пауэрбанк жарылып кеткен
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.