Блог
    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жапонияда он күнде 900 рет жер сілкінген
    Жаңалықтар

    Жапонияда он күнде 900 рет жер сілкінген

    SalemnewsSalemnews03.07.2025102 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    2025 жылдың 21 маусымынан бастап Жапонияның оңтүстігінде орналасқан Токара аралдарында 900-ден астам жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Жапонияның метеорологиялық агенттігінің мәліметінше ең күшті жер сілкінісі 2 шілдеде болған. Ол кезде жер сілкінісінің магнитудасы 5,5-ке жетті. Жердің қатты сілкінгеніне қарамастан, әзірге айтарлықтай бүлінулер мен адам шығындары туралы хабар жоқ. Бірақ билік жергілікті тұрғындарды одан да қуатты сілкіністер болуы мүмкін деп ескертіп, эвакуацияға дайын болуға кеңес берді.

    Ең көп сілкініс – 183 – 23 маусымда тіркелген. Осы күннен кейін сейсмикалық белсенділік сәл бәсеңдегенімен, маусым айының соңында қайта күшейді: 29 маусымда 98 жер сілкінісі, ал 30 маусымда 62 жер сілкінісі болды. Жеті қоныстанған аралдан тұратын архипелаг билігінің мәліметінше, бұл аймақта шамамен 700 адам тұрады, және олар үздіксіз сілкінулерден қатты шаршап, түнде ұйықтауға қорқып қалған.

    Мұндай сейсмикалық белсенділіктің күрт артуы 2023 жылдың қыркүйегінде де байқалған – сол кезде Токара аралдарында 346 жер сілкінісі тіркелген. Жапония төрт тектоникалық плитаның түйіскен жерінде орналасқандықтан, бұл елде сейсмикалық құбылыстар жиі болып тұрады. Жыл сайын мұнда шамамен 1500 жер сілкінісі тіркеледі, бұл Жапонияны әлемдегі ең сейсмоактивті елдердің біріне айналдырады.

    Ел билігі сонымен қатар алдағы 30 жылда Нанкай жырығы аймағында орын алуы мүмкін мегажер сілкінісі қаупін де еске салды. Сарапшылардың болжауынша, мұндай апаттың орын алу ықтималдығы 75-82% аралығында. Егер бұл болжам расқа айналса, салдары апатты болуы мүмкін.

    900 рет Жапония Жер сілкінісі
    Previous ArticleҚызылордадағы стадионның құрылысы аяқталуға жақын
    Next Article Астанада «Дала үні – домбыра» республикалық фестивалі өтеді
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Астанадағы өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды

    17.04.2026

    Өзбекстанда Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған кеш өтті

    17.04.2026

    Баян Алагөзоваға «Қыз Жібек» фильміндегі кейіпкердің камзолы сыйға берілді

    17.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 615 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 631 Views

    Карбоновое земледелие: выход ли для климатических проблем Казахстана?

    17.12.20255 469 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.