Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жапон жазушысы Харуки Муракамидің жаңа романы жарық көреді
    Жаңалықтар

    Жапон жазушысы Харуки Муракамидің жаңа романы жарық көреді

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова27.04.202621 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    сурет: radiovan.fm

    Жапон жазушысы Харуки Мураками алғаш рет басты кейіпкері әйел болатын романын жарыққа шығармақ. «Кахоның оқиғасы» («История Кахо») атты жаңа кітап 3 шілдеде жарық көреді. Бұл туралы The Guardian хабарлады, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Бұған дейін жазушы шығармаларындағы әйел образдары үшін сынға ұшыраған еді. 2004 жылы The Paris Review журналына берген сұхбатында Мураками әйелдерді «болашақ әлемнің хабаршылары, медиумдары» деп сипаттаған болатын.

    Жаңа романның басты кейіпкері – 26 жастағы жазушы Кахо. The New York Times газетіне берген сұхбатында автор оны «өте қарапайым, ерекше әдемі де, аса ақылды да емес қыз» деп сипаттайды. Алайда оның өмірінде көптеген тосын оқиғалар болады.

    Мураками үшін әйел кейіпкердің атынан жазу – жаңа тәжірибе. «Мен сол кейіпкерге айналдым», – дейді жазушы. Оның айтуынша, бұл шығарма бұрынғы еңбектеріне қарағанда әлдеқайда оптимистік сипатта.

    «Кахоның оқиғасы» – 77 жастағы Муракамидің 16-романы. Оның шығармалары 50-ге жуық тілге аударылған, ал өзі әдебиет бойынша Нобель сыйлығына үміткер болуы мүмкін қаламгердің бірі ретінде жиі аталады.

    Previous ArticleҚазақстандық пара спортшылар әлемдік гран-при сериясында 11 медаль алды
    Next Article Елордалық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда бір күнде 8 орман өрті тіркелді

    14.08.2026

    Шымкентте өзен ағысы алып кеткен қыздар құтқарылды

    14.08.2026

    Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

    14.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.