Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жамбылда 9-сынып оқушысын өз-өзіне қол салуға итермелеген үш күдіктіге үкім шықты
    Жаңалықтар

    Жамбылда 9-сынып оқушысын өз-өзіне қол салуға итермелеген үш күдіктіге үкім шықты

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова16.04.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    Өткен жылдың сәуір айында Жамбыл облысының Тастөбе ауылында 9-сынып оқушысы өз үйінің ауласындағы сарайда асылып, өзіне-өзі қол жұмсаған, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы 3-бөлігімен (өзіне-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

    Тергеп-тексеру нәтижесінде аталған ауылдың 22 жастағы тұрғыны, сондай-ақ 10-11 сыныптың екі оқушысы күдікті ретінде танылды.

    Қайғылы оқиғаның себептері ретінде «үлкендер» тарапынан жүйелі түрде қорқыту, психологиялық қысым көрсету және еңбекке мәжбүрлеу фактілері анықталды.

    Атап айтқанда, қайғылы оқиғаға дейінгі соңғы күндері кәмелетке толмаған жасөспірім жастар арасында «авторитет» ретінде танылған жоғарыда көрсетілген азаматтың үйінде мәжбүрлі түрде құрылыс жұмыстарын атқарған.

    Тергеп-тексеру нәтижесімен 2025 жылғы 5 қыркүйекте қылмыстық іс сотқа жолданды.

    Сот талқылауы барысында сотталушылардың кінәсі толық дәлелденіп, Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 16 сәуірдегі үкімімен олар кәмелетке толмағанды өзіне-өзі өлтіруге дейін жеткізгені үшін кінәлі деп танылды.

    Негізгі орындаушыға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, ал оның кәмелетке толмаған екі сыбайласының әрқайсысына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Previous ArticleҚасым-Жомарт Тоқаев Түркияға жұмыс сапарымен барады
    Next Article Ұлттық ұландықтар КВН сахнасында топ жарды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Семейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты

    10.08.2026

    Бурабайда мас жүргізуші туристерді электробуспен тасымалдаған

    10.08.2026

    Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті

    10.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.