Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жалағаш кентінде көркейту және құрылыс жұмыстары белсенді жүргізілуде.
    Жаңалықтар

    Жалағаш кентінде көркейту және құрылыс жұмыстары белсенді жүргізілуде.

    SalemnewsSalemnews21.08.202562 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp



    «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы Мемлекет басшысының бастамасымен өңірлерде жүйелі түрде іске асырылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстардың айқын мысалы – Жалағаш ауданындағы кешенді шаралар, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Стадион жасыл алаңына төсеніштер Еуропадан арнайы жеткізіліп,  орналастыру жұмыстарын тәжірибелі мамандар атқарады. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

    Сонымен қатар, биыл аудан орталығында денешынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріліп, жергілікті тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасалды. Мұндай игі бастамалар тек спортшыларды ғана емес, барша жас ұрпақты ынталандырары сөзсіз.

    Жолдар мен инфрақұрылым
    Аудан халқы үшін ең өзекті мәселелердің бірі – жол сапасы. Осы бағытта да жүйелі жұмыстар қолға алынуда.Жалағаш кентіндегі бірнеше көшеге күрделі жөндеу жүргізіліп, тұрғындар үшін ыңғайлы жағдай жасалуда. Елді мекендердің кіреберіс жолдары абаттандырылып, қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында көше бойларына бейнебақылау камералары орнатылды.

    Таң ауылындағы жаңа серпін
    Ауылдардың дамуына да ерекше назар аударылып отыр. Мәселен, Жалағаш ауданының Таң ауылында өндірістік базалардың құрылысы жүргізілуде. Жоба іске қосылған соң күріш қалдықтарынан ұн, мақсары майы және макарон өнімдері шығарылып, жергілікті экономикаға тың серпін бермек. Бұл бір жағынан жаңа жұмыс орындарын ашып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға жол ашады. Сонымен қатар, Таң ауылына кіреберіс аумағында жүргізіліп жатқан 2 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы бүгінде аяқталуға жақын.

    Тұрғын үйлердің құрылысы өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған. Бұдан бөлек, ауыл орталығынан Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай боздақтарға арналған «Ер есімі – ел есінде» монументі ашылды. Бұл — болашақ ұрпаққа тағылым беретін, ел тарихының мәңгілік ескерткіші. Сондай-ақ балалар үшін ойын және спорт алаңы ашылып, ауылдың ажары арта түсті.

    Еңбек ауылындағы игі істер
    Еңбек ауылдық округінде де бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Мұнда ауылға кіреберіс арка салынып, мемлекеттік рәміздер алаңы, автотұрақ пен жаяу жүргіншілер жолы салынды. Балаларға арналған жаңа ойын алаңы ашылып, ауыл келбетіне серпін берді. Бұл жобалар ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырумен қатар, елді мекеннің мәдени бейнесін жаңартуға бағытталған.

    Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында ауданның барлық елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

    Жыл басынан бері аудан көлемінде 100-ге жуық сенбіліктер ұйымдастырып, барлығы 1300 тоннаға жуық қатты қалдықтар белгіленген орындарға арнайы техникалар арқылы жеткізілді. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында аудан көлемінде «Таза қала», «Болашақты бірге отырғызамыз», «Өз ағашыңды отырғыз»  және «Мөлдір бұлақ» санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру апталықтары өткізіліп, барлығы апта сайын 3000 ға жуық адам, 27 арнайы техникалар қатыстырылды. 2789 тонна қатты қалдықтар полигонға жеткізілді.

    Жалағаш ауданының елді мекендерін көгалдандыру және жасыл аймақ құру туралы жоспарына сәйкес биылғы жылы ауданда 23 800 түп ағаш отырғызылды.

    абаттандыру Жалағаш көркейту
    Previous ArticleҚазақстан әлемдегі ең бақытты елдердің тізімінде ТОП-50-ге кірді
    Next Article Үлкен спорттың іргетасы ауылдан қаланады
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.