Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Жаһандық жылыну төрт маусымға да әсер етуде
    Жаңалықтар

    Жаһандық жылыну төрт маусымға да әсер етуде

    SalemnewsSalemnews05.03.20261 3434 Mins Read
    Фото ашық дереккөзден
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Бүгінгі таңда адамзат алдында тұрған ең үлкен сын-қатерлердің бірі – климаттың өзгеруі. Ғалымдардың айтуынша, соңғы жүз жыл ішінде Жердің орташа температурасы 1,2 градусқа көтерілген. Жаһандық климаттық кризис – бұл жер шарының орташа температурасының тез көтерілуінен туындап отырған экологиялық, әлеуметтік және экономикалық дағдарыс.

    Жаһандық мұхиттардағы су температурасы 20,86 градусқа жетті. Бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Әсіресе Жерорта теңізі мен Тынық мұхиты қалыптан тыс жылыған. Ғалымдар осының салдарынан су түбіндегі кейбір тіршілік иелері жаппай қырылуы мүмкін екенін ескертеді. Ұлыбританияның метеорологиялық қызметінің мәліметіне сүйенсек, елдегі аумақтық сулардың жылынуы қауіпті деңгейге жеткен. Синоптиктер бұған Еуропадағы аптап ыстық едәуір әсер еткенін айтады. Теңіздегі температураның ысуы ұзаққа созылса, жаңа популяциялар қалыптасуы бек мүмкін.

    Климат өзгерісінің, жалпы жкологиялық жүйенің басты жауы – өндіріс. IPCC халықаралық ұйымының зерттеуінше, 1850 жылдан бастап өндірістік даму қарқын алған. Әрі дәл осы кезеңде жаһандық жылыну үрдісі басталды. Сарапшылардың айтуынша, егер жаһандық жылыну 1,5–2 °C-тан асса, адамзаттың жер бетінде тіршілік етуі едәуір қиындайды. Әлем елдері климат өзгерісіне қарсы күресте тиісті деңгейде белсенділік танытпай отыр. Көмірқышқыл газы бөлінуін азайту шарттары өте баяу орындалуда.

    Фото ашық дереккөзден

    Күз-қыс айлары неге жылыды?

    Жаһандық жылыну тек жаз айларында ғана байқалмайды. Күз-қыс мезігілдерінде де мұның айқын мысалын көруге болады. Мысалы, өткен жылы Қазақстанның көп өңіріне желтоқсанның орта тұсына дейін қар жаумады. Central Asia Climate Foundation деректеріне сүйенсек, еліміз жаһандық орташа көрсеткіш жоғары, мұны төрт мезгілден де аңғарып отырмыз.

    «Жер Елшілері» экологиялық қозғалысының жетекшісі Әлихан Мұхтарұлы күз-қыс айларында күннің жылуы халыққа жайлы болғанымен, экономикалық қаупі жоғары.

    – Күз мезгілінде күннің қалыптан тыс жылы болуы табиғи циклдарды бұзады. Өсімдіктер қысқы тынығу кезеңіне толық өтпей, келесі маусымдағы өнім сапасы төмендейді. Сонымен қатар жылы әрі ылғалды күнде зиянкестер мен аурулардың көбеюіне жол ашады. Гидрологиялық тепе-теңдік бұзылатынын да ескеруіміз керек, – дейді маман.

    Халықаралық жасыл технологиялар орталығының ғылыми бағытының жетекшісі Гүлбазар Медиева да күз-қыс айларындағы ауа райына климат өзгерісі әсер етіп отыр деген болжамда. Қыс айларында орталық аймақтарда ауа температура 3-5 градусқа дейін жылыса, батыс өңірде 4-6 градус болған.  Осыған орай климат мониторингін күшейту, құрғақшылыққа төзімді сорттарды енгізу секілді шаралар қабылдануда.

    Сонымен қатар ғалым климат өзгерісіне өндірістің қалай әсер ететінін атады. Оның сөзінше, өндірістерден шыққан парниктік газдар экожүйенің бұзылуына әкеліп, салдарынан қыс айларында қар кеш жауатын болды.

    – Жаһандық жылыну антропогендік амалдардың әрекетінен болып отыр. Яғни адамдардың қолымен, өндірістің әсерінен туындаған қиындық. Мысалы, 2020 жылдан бері ауа температурасы өсті. Себебі индустрияландырылған өндіріс дамыған сайын ауаға көмірқышқыл газы көп бөлінеді. Ол атмосферадағы жылуды көбейтеді,  – дейді Гүлбазар Медиева. 

    Фото: ашық дереккөзден

    Экспорт пен экономика

    Тәуелсіз экологиялық шолушы Сәкен Ділдахмет экология халық өмірінен бөлек экологияға да зиян тигізуі бек мүмкін.

    – Жылдан-жылға әлемде экологиялық мәселелер қатары артып келеді. Алматы, Өскемен қалаларындағы мәселелер, одан қала берді жаһандық жылыну, су тапшылығы бар. Халқымыздың өмір сүруі, өсіп-өнуі, білім алуы, еңбек етуі – барлығы айналып келгенде экологияға байланысты.

    Климаттың өзгеруі экономиканың барлық саласына әсер етеді. Құрғақшылық, су тасқыны, топырақтың құнарсыздануы белең алады. Мұның бәрі экономикаға орасан зардап әкеледі, өндірістің дамуына да тікелей әсер етеді. Экологияны қорғауға мемлекеттің тікелей жауапкершілігі болуы керек, – дейді сарапшы.

    Гүлбазар Медиева да экономикалық зиянды қалыс қалдырмады. Әсіресе, климат өзгерісі экспортқа әсер етеді деген тың жаңалық айтты.

    – Қазақстан экспорттан орасан пайда табатынын білеміз, сала негізгі табыс көзі саналады. Қазір басымдықты Еуропа елдеріне беріп отырмыз ғой. Ал Еуропаға экспортталатын өнімдерге ерекше талап бар. Олар өнімнің бір тоннасын шығару үшін қанша парниктік газ бөлінгенін есептейді. Сол бойынша экспорттаушы елді салық төлеуге міндеттейді. Ал бізді бұл көрсеткіш өте жоғары. Сондықтан климат өзгерісін тежеуге жасалған қадам мен өндірістегі зиянды шығындыларды азайту үшін амал жасау маңызды, – деді ол.

    Маман климат өзгерісіне қарсы тұру үшін экологиялық жобалар мен ұстанымдарды нақтылау керек дегенді айтты. Сарапшының сөзінше, Қазақстан ұстанатын тұрақты дамудың 17 мақсаты бар, соның ішінде 13-бағыт климат өзгерісіне арналған. Париж келісімі бойынша біз 2030 жылға дейін парниктік газдар шығарындыларын 15 пайызға азайтуымыз керек. Ол үшін зиянды шығарындыларды азайтатын технологияларды жетілдіру қажет.

    Жібек Рахимова

    Жаһандық жылыну экология
    Previous ArticleАбай облысында әскери қызметші қайтыс болды
    Next Article Қазақстанда ҰБТ өткізу тәртібі өзгертілді
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.