Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Ветеринария саласындағы шаралар бекітілген кестеге сай орындалуда
    Жаңалықтар

    Ветеринария саласындағы шаралар бекітілген кестеге сай орындалуда

    SalemnewsSalemnews20.08.202522 Mins Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: freepik.com

    Өңірде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында соңғы жылдары ветеринариялық препараттар жеткілікті көлемде бөлініп келеді. Биыл да аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы қажетті мөлшерде дәрілік препараттар республикалық бюджет есебінен қарастырылған, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Өңірде эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында 2023 жылы 6973,5 мың доза, 2024 жылы 7468,5 мың доза ветеринариялық препарат бөлінді. Ал биыл аса қауіпті 13 түрлі жұқпалы ауруларға республикалық бюджет есебінен 6277,9 мың доза ветеринариялық препарат қаралып отыр. Бүгінгі таңда облысқа бөлінген 72,7 пайызы тасымалданып, аудандарға таратылған. Алдын-ала егу жұмыстары жоспарға сәйкес орындалуда. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.

    – Облыс бойынша бұрын белгісіз болып келген жануарлар мен адамға ортақ 64 сібір жарасы ауруының 57 көміндісінің орны 2015-2016 жылдары нақтыланған еді. Нақтыланбаған 7 көміндінің орналасқан орны белгісіздігі туралы тиісті мекеме басшыларынан құралған арнайы комиссия «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС-мен бірлесіп акт жасалып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылды. Осы көмінділер 2024 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен қайта қалпына келтірілді. Биыл облыстық бюджеттен бөлінген 315,3 млн. теңге 6 түрлі энзоотиялық ауруларға 799,4 мың доза препараттар толық алынды. Бекітілген жоспарға сәйкес толық егілуде. Аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы зерттеуге алынған қан сынамалары мен патологиялық материалдар ветеринариялық зертханаларда зерттеледі. Оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ жұқпалы бруцеллез ауруының алдын алу мақсатында биылғы жылы бекітілген жоспарға сәйкес жануарларға диагностикалық тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 42 бас МІҚ, 28 бас уақ мал ауру болып анықталып, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес уақытылы санитарлық сойылды. Қазіргі күні, облыс көлемінде аса қауіпті аурулар тіркелмей эпизоотиялық жағдай тұрақты сақталуда. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, ақпараттық жүйеге енгізіліп отыр. Жыл басынан жоспарға сәйкес 330,0 мың бас бірдейлендіріліп, ақпараттық жүйеге енгізілді. 2025 жылдың 1 тамызына ақпараттық жүйеде 1560,2 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелді,- деді Шахмардан Сұлтанбекұлы.

    Ветеринария облыс Препарат
    Previous ArticleБекіре шаруашылығын дамытуды қолға алған
    Next Article Ауыл өмірінде жаңа бетбұрыс байқала ма?
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.