Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Теннисші Александр Бублик ATP 250 турнирінің финалына шықты
    Жаңалықтар

    Теннисші Александр Бублик ATP 250 турнирінің финалына шықты

    SalemnewsSalemnews26.07.202591 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: әлеуметтік парақшадан

    Қазақстандық теннисші, әлемнің 30-ракеткасы Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы топырақтағы турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Жартылай финалда Бублик Нидерланды елінің өкілі, қазіргі таңда АТР рейтингінде 103-орында тұрған Ботик Ван де Зандшулпты 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде ұтты. Қарсыластар арасындағы матч 1 сағат 19 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик тоғыз эйс жасап, тоғыз үзіліс мүмкіндігінің үшеуін тиімді пайдаланды. Дегенмен, ол алты қос қателікке жол берді.

    Бұған дейін ширек финалда Александр Бублик өз отандасы Александр Шевченкомен кездесіп, оны да сенімді түрде жеңген болатын.

    Финалда Бублик Францияның 100-ракеткасы Артур Казомен кездеседі. Бұл матчта Александр Кицбюэль турнирінің чемпиондығы үшін таласады. Айта кету керек, бұл – Бублик үшін ATP 250 турниріндегі қатарынан екінші финал.

    Александр Бублик 2025 жылғы маусымда сәтті ойын көрсетуде. Франция ашық чемпионаты мен оған дейінгі дайындық турнирлерін қоса есептегенде, ол биылғы жылы 11 матчта жеңіске жетіп, тек бір рет жеңілген. Жеңіліс ¼ финалда “Ролан Гаррос” турнирінде тіркелген болатын. Ол кезде Бубликті итальяндық Янник Синнер тоқтатты

    Александр Бублик спорт Теннис
    Previous ArticleАпатқа ұшыраған тікұшақ: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
    Next Article Алматыда компанияларға кибершауыл жасаған күдікті ұсталды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Павлодарда алаяқтар торттың ішіне жарылғыш зат салып, зейнеткерлерге берген

    15.07.2026

    Хайп қуамын деп дипломын жыртқан түлек қамауға алынды

    15.07.2026

    Туристер ChatGPT-дің кесірінен тауда қалып қойған

    15.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 654 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 622 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 641 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.