Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Түркістанда бір отбасыда анасы ұлына бүйрегін берсе, тағы бір отбасыда ұлы анасына бауыр доноры болды
    Жаңалықтар

    Түркістанда бір отбасыда анасы ұлына бүйрегін берсе, тағы бір отбасыда ұлы анасына бауыр доноры болды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова13.08.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: stan.kz коллажы


    Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында ағза трансплантациясынан кейінгі емін сәтті аяқтаған екі отбасы бір күнде үйлеріне шығарылды, деп salemnews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бір отбасында ұлы анасына бауырының бір бөлігін берген. Ал екінші отбасында анасы ұлына бір бүйрегін донор ретінде ұсынған.

    «Бір отбасында 20 жыл бұрын анасы ұлына өмір сыйлаған еді. Бүгін сол ұлы анасына бауырының бір бөлігін беріп, жаңа өмірге мүмкіндік сыйлады. Ал екінші отбасында анасы 20 жыл бұрын дүниеге әкелген ұлына бүгін өз бүйрегін беріп, баласына өмірді екінші рет сыйлады», – делінген басқарма хабарламасында.

    Бауыр трансплантациясы А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы, профессор, академик Болатбек Баймаханов бастаған мамандардың қатысуымен жасалған.

    Денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаны заманауи трансплантология мүмкіндігінің және дәрігерлер кәсібилігінің нәтижесі деп бағалады. Сонымен қатар мұнда отбасы мүшелерінің бір-біріне деген жанқиярлығы мен сүйіспеншілігі де ерекше көрініс тапқанын атап өтті.

    Previous ArticleСемейде көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты
    Next Article Асылы Осман II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда бір күнде 8 орман өрті тіркелді

    14.08.2026

    Шымкентте өзен ағысы алып кеткен қыздар құтқарылды

    14.08.2026

    Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

    14.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.