Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Соңғы сәтте үлгерді: Степногорскіде қызды құтқару сәті видеоға түсіп қалды
    Жаңалықтар

    Соңғы сәтте үлгерді: Степногорскіде қызды құтқару сәті видеоға түсіп қалды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова10.06.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: видеодан скриншот


    Степногорскіде полицейлер көпқабатты үйдің балконында тұрған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Оқиға түсірілген видеоны редакцияға куәгер жіберген. Кадрларда қыздың қауіпті жағдайда тұрғаны көрінеді. Абырой болғанда, полиция қызметкерлері оқиға орнына дер кезінде жетіп, қайғылы жағдайдың алдын алды.

    Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін таңертең болған. Патрульдік полиция экипажына шақырту шамамен сағат 06:45-те түскен.

    Тұрғындар полицияға ықтимал жанжал туралы және алтыншы қабаттағы балконда тұрған қыз жөнінде хабарлаған. Оқиға орнына патрульдік полицейлер мен кезекші учаскелік полиция инспекторы барған.

    Қыздың өміріне қауіп төніп тұрғанын байқаған қызметкерлер шұғыл әрекет еткен. Полицейлердің жедел қимылының арқасында қыз аман қалды.

    Кейін ол медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Қазіргі уақытта оған қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

    Алдын ала мәлімет бойынша, қыздың мұндай әрекетке баруына жігітімен болған жанжал себеп болуы мүмкін.

    Previous ArticleАрқалықта блогер 10 жылға сотталды
    Next Article Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Қазақстанда бір күнде 8 орман өрті тіркелді

    14.08.2026

    Шымкентте өзен ағысы алып кеткен қыздар құтқарылды

    14.08.2026

    Астанада екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

    14.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 664 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.