Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Шымкенттік зейнеткер алаяққа 2 млн теңгесін ұстатып жіберген
    Жаңалықтар

    Шымкенттік зейнеткер алаяққа 2 млн теңгесін ұстатып жіберген

    SalemnewsSalemnews22.07.202551 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto.com

    Шымкентте 61 жастағы әйел телефон алаяғының құрбаны болды. Белгісіз біреу өзін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырып, оның жинақтарына қауіп төніп тұрғанын айтып сендірген, деп хабарлайды Salemnews.kz ақпарат агенттігі.

    Ақшасын «құтқару» үшін әлгі адам қаражатты шұғыл түрде «қауіпсіз» шотқа аударуды ұсынған.

    Зейнеткер қоңырау шалған адамға сеніп, 2 миллион теңгені көрсетілген шотқа аударған. Алайда кейін бұл шоттың бөгде адам — яғни, «дроппердің» атына рәсімделгені анықталған. Алаяқтың құрбаны болғанын түсінген әйел, сотқа жүгініп, ақшаны қайтаруды талап етті.

    Сотта жауапкер өзі де сол алаяқтың өтінішімен ақша алғанын және қаражатты үшінші тұлғаларға жібергенін айтты. Алайда бұл әрекеттердің заңдылығын растайтын дәлелдер ұсынбаған. Сот карта иесі өзінің шоты арқылы жасалатын операцияларға қатысты тәуекелдерді түсініп, оның қолданылуына жауапты болуы керектігін, әсіресе, күмәнді схемаларға қатысы болған жағдайда, атап өтті.

    Бірінші инстанциядағы сот қылмыстық іс материалдарына сүйене отырып, онда талапкер жәбірленуші ретінде танылғанын ескере отырып, жауапкерден 2 миллион теңгені өндіру туралы шешім шығарды. Апелляциялық сот бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

    алаяқ зейнеткер
    Previous Article«Шығын – 58 млн»: Павлодарда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды
    Next Article Ұлытау облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар сотталды
    Salemnews
    • Website
    • Facebook

    Ұқсас жазбалар

    Қызылжармадағы қарқынды даму: инфрақұрылымнан кәсіпкерлікке дейінгі өзгерістер

    27.07.2026

    Ғалымдар адам өмірінің биологиялық шегін анықтады

    27.07.2026

    Павлодар облысындағы көмір кенішінде жұмысшы қаза тапты

    26.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 658 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 642 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.