Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Семейде зейнеткерді көлік қағып, көз жұмды
    Жаңалықтар

    Семейде зейнеткерді көлік қағып, көз жұмды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова08.09.202601 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Абай облысының Полиция департаменті

    Семейде 8 қыркүйек күні күндіз реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды salemnews.kz ақпарат агенттігі.  

    Полицияның мәліметінше, сағат 12:00 шамасында Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі Қ. Мұхамедханов көшесімен келе жатып, Абай көшесіне солға бұрылған кезде 69 жастағы әйелді қағып кеткен.

    Сол сәтте әйел реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдың қарсы бетіне өтіп бара жатқан. Алған жарақаттарының салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

    Көлік құралын басқарған адамның жол қозғалысы ережелерін бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Previous ArticleАстанада 9 жастағы бала мысықты 14-қабаттан лақтырып жіберген
    Next Article Трамптың ұлы мен қазақстандық блогер Моңғолия тауларында адасып кеткен
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    Балаларға қатысты аса ауыр қылмыстар саны 45 пайызға азайды: Ерлан Карин кеңес өткізді

    13.10.2026

    Қытайдан тауар жеткіземін деп 500 адамнан 1 млрд теңгеге жуық ақша жинаған әйел сотталмақ

    13.10.2026

    Әзірбайжанда мектептердегі хиджабқа тыйым халықтың жаппай наразылығын тудырды

    13.10.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 672 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 625 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 646 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.