Блог

    Ақпараттық хабарлама: Құрылтай-2026 сайлауына Salemnews.kz сайтында үгіт материалдарын орналастыру шарттары

    Facebook X (Twitter) Instagram
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
    • Мәселе
    • Жастар
    Facebook X (Twitter) Instagram
    SALEM NEWS
    Жаңалық жіберу
    SALEM NEWS
    Home»Жаңалықтар»Семейде баласына 5 млн теңге алимент төлемеген ер адам сотталды
    Жаңалықтар

    Семейде баласына 5 млн теңге алимент төлемеген ер адам сотталды

    Жібек РахимоваЖібек Рахимова16.05.202611 Min Read
    Бөлісу
    Facebook Twitter Telegram WhatsApp

    Фото: istockphoto

    Семей қаласында ұзақ уақыт бойы баласына алимент төлемей келген ер адам 1 жылға бас бостандығынан шектелді.

    Абай облысында кәмелетке толмаған баласына алиментті өндіру туралы сот шешімін ұзақ уақыт орындамаған Семей қаласының 38 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру аяқталды.

    – Сот актісіне сәйкес, ер адамнан ай сайын табысының 1/4 бөлігі көлемінде алимент өндіру белгіленген. Алайда ол бұл міндеттемелерді орындамай келді. 2020 жылдан бергі қарыз сомасы 4 911 189 теңгені құрады. Оның әрекеті Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау» бабына сәйкес сараланды, — деп хабарлады облыстық полиция департаментінен.

    Сот айыпталушыны 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына тартып, пробациялық бақылау белгіледі. Сондай-ақ ол баласына алимент төлеуге міндеттелді.

    Тұрақты жұмысы болмаған жағдайда, сотталушы жыл сайын 100 сағат көлемінде мәжбүрлі еңбекке тартылады.

    Previous ArticleКәріз жүйелерінің жұмысы бақылауда
    Next Article Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты
    Жібек Рахимова

    Ұқсас жазбалар

    «Екі жұлдыз бір кадрда»: «Рэкетир» фильмінің актері әйгілі Джеки Чанмен түскен суретін жариялады

    20.08.2026

    «Сенсация іздемеңіздер»: Белгілі блогер ажырасу туралы ашық жазба жариялады

    20.08.2026

    «Сотқа жүгінеміз»: Ұлдана Мырзуанның анасы 4,5 млн теңгені қайтаруды талап еткен құдағиы туралы айтты

    20.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоқаев ұсынған «таза көмір» технологиясы климат өзгерісіне қалай әсер етеді?

    23.06.202611 665 Views

    Сақтандыру: апаттан алымға дейін

    10.04.20257 623 Views

    CO₂: қазақстандық кәсіпорындар Париж келісімін сақтап отыр ма?

    19.12.20255 643 Views
    Әлеуметтік желілер
    • Facebook
    • WhatsApp
    • Instagram

    «SALEMNEWS.kz» ақпарат агенттігіне гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.
    18+

    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
    • Басты бет
    • Жоба туралы
    • Сайтты қолдану ережесі
    • Байланыс
    © 2026 Salemnews.kz. Барлық құқықтар сақталған
    Яндекс.Метрика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.